Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
HSBC “RBS (KAZAKHSTAN)”АҚ ЕБ-Ң ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕСІНІҢ АКТИВТЕРІН САТЫП АЛУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

HSBC өзінің еншілес банкі "HSBC Банк Қазақстан" АҚ арқылы Royal Bank of Scotland банкінің, "RBS (Kazakhstan)" АҚ ЕБ ('RBS Kazakhstan'), Қазақстандағы жеке тұлғаларға арналған бизнесінің активтерін қолма қол ақшамен жоғарғы шегі 52 миллион АҚШ долларын құрайтын бағаға сатып алуын жариялайды.

Келісім-шарттың шарттарына сәйкес, HSBC "RBS (Kazakhstan)" банкінің жеке тұлғаларының несиелерін және несие карточкалары бойынша портфельдерін, сонымен қатар төрт филиалын, екі қолдау офисін және 80 банкоматын иемденеді. Сонымен қатар HSBC "RBS (Kazakhstan)" банкінің 490-ға жуық қызметкерлеріне еңбек келісімін ұсынады.

HSBC-дің Қазақстандағы Басқарма Төрағасы Саймен Мюнтер: "Бұл сатып алу HSBC-дің Қазақстанның ұзақ мерзімді перспективаларына деген позитивті көзқарасын білдіреді, Қытаймен сауда байланыстары арқасында да маңызды болып табылады. Біз Қазақстанда 12 жыл бойы қызмет атқарамыз және бүгінгі келісім-шарт филиалдар желісін екі еселеу мен клиенттер базасын бес есе ұлғайту арқылы біздің өсуіміздің платформасын үлкейтуге елеулі әсер етеді", - дейді.

Қазақстанның орташа жасы 30-ға дейін 15.5 миллион халқы бар және 2011 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 9,000 АҚШ долларын құрайды деп жоспарлануда, 2009 жылмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары. Қытай мемлекеттің негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады, Қазақстан экспортының 10 пайызынан жоғары мөлшерін және импортының төрттен бір бөлігін құрайды. ЖІӨ осы жылы 8.5 пайызға өсіп, 2011 жылы 7.0 пайызға өседі, HSBC Bank Kazakhstan To Purchase Retail Banking Assets Of Jsc Sb 'Rbs Kazakhstan' бұл оның 2008 және 2009 жылдардағы сәйкесінше 3.3 және 1.2 пайыздарға өсуінен асып түседі.

Сатып алудың аяқталуы 2010 жылдың 1 қыркүйегінде болады деп жоспарлануда, бірақ реттеуші ұйымдар мен басқа инстанциялардың рұқсат беруіне және түрлі шарттарға сәйкестікке байланысты болып табылады.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

21 маусым 2010 | Просмотров: 317 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар