16 тамыз 2010 жыл, Алматы. Бүгін мобильді байланыс операторы GSM Қазақстан/Kcell жазғы демалыс кездеріндегі байланыс құралдарын пайдалануға қатысты жүргізілген зерттеу нәтижелерін жариялады. Зерттеу қазақстандық тұрғындар арасында маусым-шілде айларында өткізілді*.
Қазақстандықтар қазіргі заманғы байланыс құралдарының арқасында демалысқа уақыт табады. Оның барысында іскери серіктестер және әріптестермен байланысуға, жұмыс бабынан тыс қалмай, шешім қабылдауға қатысуға себін тигізетін Интернет пен мобильді телефон екен. Сұралған азаматтардың 58,8 пайызы демалыс барысында жұмысқа қатысты электрондық хаттарды оқитындарын, 44,4 пайызы оларға жауап беретіндерін, қазақстандықтардың 41,7 пайызы демалыс кезіндегі іскерлік келіссөздерді мобильді телефон арқылы жүргізетінін айтты. Мобильді байланыс пен интернетке қол жеткізудің мүмкін болмауы пікірі сұралғандардың 85 пайызына қолайсыздық пен келеңсіз көңіл-күй тудырады екен.
Қазақстандықтар сапар барысында да байланыста болғандарын қалайды: коммуникация құралдары оларға достары және туыстарымен байланысулары үшін қажет. Бұл үшін сұралғандардың 60 пайызы электрондық байланысты пайдаланады. Достар және туыстармен байланыс жүргізудің басты құралы телефон болды: оны таңдаған 89 пайыз респондент, оның 75 пайызы SMS, ал 28 пайызға жуығы MMS жолдайды.
Қазақстандықтардың жартысынан көбісі демалыс кезінде тек күнге қыздырынып, кітап оқып, бір бокал шарап ішіп қана қоймай, уақыттарын Интернетте өткізеді. Олардың 17 пайызы Facebook, Twitter, "Мой мир" және "Vkontakte.ru" секілді әлеуметтік желілерде көңіл жадыратады. Көбісі бұл сайттарды, мысалы, қысқа хабарламаларды орналастыру арқылы жақындарымен байланыста болу үшін пайдаланады. Оған қоса сұралғандардың 23 пайызы әлеуметтік желілердегі өз беттерінде демалыстағы суреттерін орналастырады.
Жалпы алғанда, демалыс барысында қазақстандықтар дауыстық байланыс, Интернет пен қысқа және мультимедиялық хабарламаларды жолдау/қабылдау қызметтеріне қоса, ұялы телефондардың қосымша функцияларын пайдаланады. Осылайша, сұралғандардың 55 пайызы суретке түсіреді, 57,8 пайызы музыка тыңдайды, ал 20 пайызы ұялы телефон арқылы жергілікті орында жол сілтеме алу үшін электрондық карталар мен GPS пайдаланады.
*Зерттеу Интернетті пайдаланатын Қазақстан азаматтарының арасында электрондық пошта арқылы сауалнама жүргізумен өткізілді. Сауалнамаға жасы 18 асқан 550 қазақстандық қатысты. Зерттеуді TeliaSonera (GSM Қазақстан/Kcell компаниясының негізгі иегері) компаниясының тапсырысымен United Minds аналитикалық компаниясы жүргізді.
Дерекнама: GSM Қазақстан/Kcell