Алматы, Қазақстан - 13 қыркүйек 2010 ж., Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ), Шеврон корпорациясы жане GSM Қазақстан/Kcell компаниясының қолдауымен, Қазақстанда корпоративті әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) бойынша алғаш www.csrkz.org веб-сайтын дайындап шығарды.
Веб-сайт "Корпоративті Әлеуметтік Жауапкершілікті Қазақстанда алға жылжыту үшін веб-сайт пен электронды бюллетеньді құру және жетілдіру" жобасы бойынша құрылып шығарылды. Жобаның мақсаты Қазақстанның әлеуметтік дамуындағы бизнес рөлін нығайту, сондай-ақ КӘЖ принциптерін түсінуді және қызығушылық білдірген жақтарға КӘЖ бойынша информациялық және сараптамалық ресурстарды қолдану мүмкіндігін жақсарту болып табылады.
Бұл сайттың негізгі мақсаты бизнес, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және де басқа қызығушылық білдірген жақтар арасында әлеуметтік жобалар бойынша тәжірибе және ынта алмасу үшін информациялық алаңша құру болып табылады.
Қазақстандағы Америкалық сауда өнеркәсіп палатасының Корпоративті Әлеуметтік Жауапкершілік (КӘЖ) бойынша жұмыс тобы өз қызметі нәтижесінде www.csrkz.org веб-сайтын дайындап шығарды. Компаниялардың, үкіметтік емес ұжымдардың және мемлекеттік құрылымдардың КӘЖ-дің дамуына қызығушылықтарына қарамастан, КӘЖ принциптерін жалпы түсінушілігінің және КӘЖ-ді алға жылжыту бойынша қызметінің айқын координацияларының жоқтығы қызығушылық білдірген жақтардың тиімді әрекеттесуін қиындататынын жұмыс топ мүшелері мойындады. "Қазақстандағы КӘЖ" веб-сайты барлық қызығушылық білдірген жақтарға КӘЖ саласындағы тәжірибелермен, жетістіктермен және сарапшылықпен бөлісуге, осы сала бойынша Қазақстандағы және дүние жүзіндегі соңғы жетістіктермен танысуға, бизнес әлеуметтік жауапкершілік саласындағы теория және тәжірибе білімдерін тереңдету, сондай-ақ КӘЖ-ге байланысты республикамызда болып жатқан басты оқиғалар мен шаралардан хабардар болуға мүмкіндік береді.
Веб-сайтты мемлекеттік орындар, жергілікті және халықаралық компаниялар, БАҚ, сондай-ақ үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар пайдалана алады. Веб-сайттың көмегімен, КӘЖ-ді бизнес стратегия саласында дамыту және сол стратетияға енгізу бойынша компаниялар өз мүмкіндіктерін жақсырақ түсіне алады және, сондай-ақ, қоғамды өзінің әлеуметтік ынталарымен және жемісті жобалар тарихымен таныстыра алады. Ал, мемлекеттік орындар КӘЖ-дің қоғамдағы дамуы бойынша оқиғалар мен тенденциялар жайлы хабардар болады, сондай-ақ қызығушылық білдіретін жақтармен өз әрекеттестерін жақсарта алады. Сонымен бірге, үкіметтік емес және қоғамдық ұжымдар веб-сайт пайдаланушыларымен әлеуметтік жобалар бойынша өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісе алады, сондай-ақ Қазақстандағы КӘЖ даму саласында өз рөлдерін жақсырақ түсіне алады.
www.csrkz.org сайтында корпоративті әлеуметтік жауапкершілік туралы мағлұматтар кітапханасы, сонымен қатар, осы тақырыптағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жаңалықтар, сараптамалық мақалалар бар. Веб-сайттың толығымен жетілдіріп біткеннен кейін, ОАЕҚ бұл дерекнаманың барлық мүшелері мен келіп кетушілеріне КӘЖ жаңалықтарын үнемі электрон түрде жіберуді жоспарлап отыр.
Дерекнама: Орталық Азияның Еуразия Қоры