Алматы, 2010 ж., 14 қыркүйек - Бүгін Қазақстан Баспасөз клубында "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның физикалық тұлғаларға арналған Homebank.kz интернет-банкинг жүйесінің онжылдығына орай баспасөз мәслихаты өтті. Осыған байланысты баспасөз жиналысына келесі тұлғалар қатысты:
Ермек Насрединұлы Шамұратов, "Қазкоммерцбанк" АҚ Басқарушы директоры;
Нұрлан Төлеужанұлы Жағыпаров, "Қазкоммерцбанк" АҚ Атқарушы директоры;
Олег Викторович Головко, Homebank Департамент директоры;
Мухсинова Гүлмира Қанатқызы, Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменттің жетекші маманы.
Спикерлер Homebank.kz интернет-банкинг жүйесінің 10 жыл ішіндегі қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде әңгімелеп, жақын болашаққа қатысты жоспарлары жөнінде ой бөлісті.
Қазкоммерцбанк өзінің карточка ұстаушыларына 2000 жылы іске қосылған Homebank.kz атты интернет-банкинг қызметін алғашқы болып ұсынған қазақстандық банктердің бірі болып табылады. Қазіргі күні Homebank.kz - клиенттерге арналған жеке шот жөніндегі ақпарат қана емес, сондай-ақ, клиентке өзінің жұмыс орнынан тұрмастан, Интернет арқылы кез-келген операцияларды дерлік оңай әрі жылдам жүзеге асыруға арналған қызмет көрсетудің қосымша арнасы. Homebank.kz Қазкоммерцбанктің клиенттерін ғана емес, сонымен қатар, "Қазинвестбанк" АҚ, "Ситибанк Қазақстан" АҚ, "Қазпошта" АҚ және "Ресей Жинақбанкі" АҚ ЕБ-нің төлем карта иеленушілеріне де қызмет көрсететін атап өту қажет.
Баспасөз жиналысына қатысушылар Homebank.kz-тің негізгі жетістіктерін де атап өтті. Картаны ұстаушылардың 27%-ы ҚАЗКОМ-ның интернет-банкинг жүйесінде тіркелген, бұл - біз шапшаң қадаммен технологиялық жағынан дамыған мемлекеттерді қуып жеткеніміздің айғағы.
"Ең бастысы Homebank бұл - өзіміздің мамандарымыздың әзірелемесінің жемісі, және оның еліміздегі Интернет-мәдениеттің дамуына өз үлесін қосып отырғандығын біз мақтан тұтамыз", дейді "Қазкоммерцбанк" АҚ Атқарушы директоры Нұрлан Төлеужанұлы Жағыпаров.
"2010 жылдың қыркүйек айында Homebank.kz-те тіркелген қолданушылардың саны 272000-нан асып түсті. Бұл Homebank.kz-тің Қазақстандағы қашықтықтан банк қызметін көрсету саласының дара көшбасшысы екендігін растайды. Ай сайын 5000 жаңа қолданушылар жүйеде тіркелуде. Homebank.kz-тің жалпыға әйгілігін порталға кірудің саны дәлелдейді - ай сайын 700000-ға жуық сессия тіркелуде!" деп атап өтті Homebank Департаменті қызметін алға жылжыту бойынша басқарма бастығы Гүлмара Рысбекова.
Баспасөз жиналысына 10 жыл қатарынан Банктің портал қолданушылары болып табылатын ең белсенді клиенттері шақырылған. Клиенттерге арналған сыйлықтардың Бас демеушісі Қазақстандағы Nokia компаниясы болып табылады. Клиенттерге Nokia 5230 сәнді сенсорлы смартфоны сыйлық ретінде тарту етілді. Жақын уақытта Nokia смартфонын қолданушылар Ovi қосымшалар дүкенінде (www.store.ovi.com) Homebank.kz қосымшасының ұтқыр нұсқасын тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болмақ.
2008 жылдың соңында ЭСҚ (Электронды-сандық қол) жобасын іске қосқаннан кейін Homebank.kz арқылы ЭСҚ-ның 10000 аса кілті шығарылды. ЭСҚ кілті арқылы клиенттер Банктің бөлімшелеріне бармастан, келесі мүмкіндіктерді қолдана алады: қаржыны жеке шоттан карта шотына ауыстыру, қаржыны картадан басқа картаға ауыстыру, бағалы металдар сату/сатып алу, депозитті толтыру және олардан ақша алу, ағымдағы шоттарыңыз арасында валюта конвертациялау, сонымен қатар, қаржы порталының кез келген қызметтеріне өздігінен жазылу.
Сондай-ақ, Homebank.kz-те де және өздігінен де табысты қызмет ететін Қазнеттегі ең ірі Homeshop.kz дүкеніне биыл 3 жыл толып отыр. Бүгінгі күні Homeshop.kz 200000 аса тауарлар мен қызметтер ұсынады. Homeshop.kz-тің тіркелген бірегей сатып алушылар саны 75000 асып отыр.
2009 жылы Homebank.kz алғашқы қазақстандық Homeclub.kz банктік әлеуметтік желісін іске қосып, оның көмегімен ҚАЗКОМ карталарын ұстаушылар достарымен араласып, жаңа достармен танысып қана қоймай, сондай-ақ, барлық жаңалықтар жөнінде хабардар болуға, Акцияларға қатысуға, қосымша білімдер алуға және тағы басқа мүмкіндіктерге ие болып отыр. Биыл Homeclub.kz өзінің біржылдығын атап өтуде.
Осымен мерейтойлардың легі аяқталмайды, Қазақстанның kino.kz алғашқы электронды киноафишасы өзінің алғашқы онжылдық мерейтойын тойламақ. Осыған орай біз "Кинопарк" компаниясымен бірлесіп Акция ұйымдастырмақпыз. Акцияның шарты бойынша Homebank.kz интернет-банкингінің қолданушылары мен киносүюшілер кинотеатрға екі адамға тегін билет алу мүмкіндігіне ие болады.
Homebank.kz көмегімен тұрақты негізде шетелде қымбат тұратын шұғыл емдеуден өтуге мұқтаж балалар үшін қаржы жинау жүзеге асырылып тұрады. Қазіргі күні "Балаларға өмір сыйла" акциясы шеңберінде 9847253 теңгеден астам қаржы жиналып отыр.
Осындай түрлі мүмкіндіктерге қарамастан, порталда тіркелу - тегін, порталды қолдану үшін абоненттік төлем төленбейді, қызмет көрсетуге төленетін комиссия операциялық бөлімшелерге қарағанда төмен.
Өзінің онжылдық мерейтойына орай Homebank.kz оразан зор Акцияны іске қосты: 15 шілдеден бастап 2010 жылдың соңына дейін портал арқылы коммуналды қызметтердің төлемін жүзеге асыра отырып, клиенттер аса әйгілі әнші Lady Gaga-ның Нью-Йоркте өтетін концертіне бару құқы үшін күресуде.
Қосымша ақпарат алу үшін келессі байланыс бойынша хабарласыңыз:
Рысбекова Гүлмара - Homebank Департаменті қызметін алға жылжыту басқармасының бастығы
Байланыстар: 258-51-05 ішкі: 58643, e-mail: gurysbekova@kkb.kz
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы