Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Beeline Business Digital Communications Event 2010 форумының Бас әріптесі

20 қыркүйек 2010 ж. Алматы қаласы. "КаР-Тел" ЖШС-і (Қазақстандағы Beeline және Beeline Business сауда белгілері) Beeline Business бас әріптесі болып табылатын Digital Communications Event 2010 атты ең ірі телекоммуникациялық форум өтетіні жайлы хабарлайды.

Халықаралық деңгейдегі Digital Communications Event 2010 бірінші конференциясы және көрменің ұйымдастырушысы "Json & Partners" ЖШС-і.

Аталмыш жиында Қазақстанның ақпараттық-телекоммуникациялық саласының дамуы, озық шетел және отандық технологиялардың бірігуі, сондай-ақ жаңа бизнес модельдерін жасау, телекоммуникациялық компаниялар юизнесінің тиімділігін арттыру үшін қызметтердің жаңа түрлерін енгізу мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Beeline Business сауда белгісі бизнеске қолайлы шешімдер ұсыну арқылы Қазақстанның телефоммуникациялық саласының дамуына зор маңыз беріп отыр. Біз осындай іс-шаралар Қазақстан және ТМД елдерінің телекоммуникациялық нарығы мен бизнес-қауымдастығының барлық өкілдерімен жоғары деңгейде ашық сұхбаттасуға жағдай жасайтынын ескере отырып Digital Communications Event 2010 форумының әріптесі болуға шынайы қуанышпен келісім бердік. Digital Communications Event 2010 сияқты заманауи озық технологияларды көрсетуге мүмкіндік беретін іс-шаралар жаңа өнім өндірушілермен қатар әлеуетті сатып алушылар үшін өте маңызды.

Digital Communications Event форумы аясында экономиканың барлық салалары үшін қажетті технологиялық шешімдерді екі жүзден астам қатысушы ұсынбақшы.

Өз зерттемелерін телефоммуникациялық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының көшбасшы компаниялары ұсынады. Форум жұмысында телекоммуникация нарығының жетекші компаниялары, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар өкілдері мен кәсіпкерлер қатысады.

Форум 2010 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласының Intercontinental конақүйінде ашылады.

Дерекнама: "КаР-Тел" ЖШС-і

21 қыркүйек 2010 | Просмотров: 303 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар