Алғашқы рет Қазақстанда жеке алынған жинақталған зейнетақы қорының салымшылары екі миллионнан артты. Бұл еліміздің зейнетақы жүйесі үшін таңбалы оқиға "Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ" АҚ-ының беректер базасында 2010 жылғы 1 қыркүйекте тіркелінді. Екі миллионыншы салымшы автоматты түрде анықталды. Бұл "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ында орта буын басшысы болып жұмыс істейтін, астаналық жас жігіт. Сонымен қатар, барлық жаңа салымшылардың "мерейгер" болуға тең мүмкіндіктерінің болғандығын атап өткіміз келеді.
Біз үшін Халық Банкінің екімиллионыншы салымшыға жетуі, біздің клиеттер үшін қызықты және нақты өнімдерді ұсына отырып, біздің дұрыс жолда екендігімізді білдіреді. Салымшылар санының өсуі Қордың тұрақтылығының артуына, шоттарды жүргізуде шығындардың төмендеуіне жол береді - деп атқарушы директор Кичигина Майра айтып отыр. - Егер жаңа салымшылар келіп жатқан болса, яғни, олар біздің Қорға тек сенім білдіріп қана қоймай, қызметтің айқындығы, инвестицияға жауапкершілік, жұмыстың нәтижелігі сияқты біздің құндылықтарымызды да бөліскендігі".
Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қорының екімиллионыншы салымшысына жетуі, бірінші кезекте, салымшылардың сенім білдіретіндігі жайында растайды. Жұмыс істейтін қазақстандықтар Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қорын ең бір жақсы қаржы мекемесі деп есептеп, оның басқаруына өз ақшаларын табыстайды. Әдеттегідей, бұл басқа ЖЗҚ-лары арасында саналы түрде таңдау жасай білген салымшылар. Олар тәуекелді де, пайданы да бағалайды, Қормен болашаққа жылжуға және оған сенім білдіруге болады деп шешеді.
Осы күндері және біздің Қор тек екімиллионыншы салымшыны ғана емес, сонымен бірге алғашқы салымшыны да қарсы алады. Бұл салымшы кішігірім компанияда жұмыс істейді және Батыс Қазақстан облысы кенттерінің бірінде тұрады. Бүгін, біз оны 1998 жылдан бастап Қормен бірге қалғандығымен құттықтаймыз!
Дерекнама: "Қазақстан Халық Банкінің ЖЗҚ" АҚ