Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының бастамасымен қазақстан-әмірліктер іскери кеңесінің 2-ші мәжілісі өтті

2010 ж. 20-21 қыркүйек Астана, Алматы қалалары.

Астана және Алматы қалаларында Қазақстан-БАӘ Инвестициялық форумы шеңберінде қазақстан-әмірліктер іскери кеңесінің 2-ші мәжілісі болып өтті.

Екі жақты кездесу жұмысына қазақстан жағынан экономикалық мәселелер бойынша Қазақстан Президентінің Көмекшісі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, "Самұрық-Қазына" Әл-ауқат қоры" АҚ-ң басқарушы директоры-басқарма мүшесі Қайрат Медібайұлы Әйтекенов, "Kaznex-Invest" АҚ-ы төрағасының орынбасары Темір Бекболатұлы Нұрашев, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Татьяна Викторовна Жданова, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті және қазақстан-әмірліктер Іскери Кеңесінің тең-төрағасы Ғафур Мұдарасұлы Ихсан қатысты. Мәжілісте Қазақстан және БАӘ бизнесінің 90-нан аса өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты - бұл Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері, Қазақстан мен Абу Даби іскерлік топтарымен байланыстарды орнату, сауда және инвестициялық серіктестікті белсендіруге бағытталған екі жақты қарым-қатынасты әрі қарай күшейту мен дамыту болып табылады.

ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Ерлан Қожасбай: "ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының шетел инвесторлары мен сауда серіктестерімен өзара қарым-қатынас жасауда мол тәжірибесі бар және оны Қазақстан мен Әмірліктер бизнес-бірлестіктерінде өзара іс-әрекетті күшейту үшін қолдануға дайын. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындай отырып, бүгінгі кездесуде біз мұнай-газ, транзитті-көлік, қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, туризм, шағын және орта бизнес салаларында нақты жобаларды іске асыруды талқыладық".

Астана қаласындағы кездесуде Форумға қатысушылар ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтасудың, БАӘ-ң көрмелік және банктік қызметтерін, сондай-ақ "Абу Даби - 2030" атты инновациялық жобаның мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен танысты. Әмірліктер делегациясының Алматы қаласына сапары барысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовпен және Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі басқармасының төрағасы (ААҚО) Ш.С.Қанапиановпен келіссөздер жүргізді.

Құрамында ірі қазақстандық бизнесмендер бар іскер топтардың өкілдері БАӘ-ң мүдделі компаниялар басшыларымен нақты жобалар бойынша келіссөздер жүргізді.

2
008 жылы ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы Президенті Ерлан Қожасбай бастаған Қазақстандық кәсіпкерлер делегациясы БАӘ барды және БАӘ Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясымен қазақстан-әмірліктер іскери кеңесін құру туралы келісімге қол қойды.

2009 жылы БАӘ-ге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресми сапары барысында екі ел бизнесмендерін жоғары қосылған бағамен өнеркәсіптің салаларында ірі өзара тиімді жобаларды іске асыруға шақырды.

Источник: ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы

22 сентября 2010 | Просмотров: 1 429 | Жаңалықтар / Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар