Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Бүгін Қазақстан мен Кипр ынтымақтасу туралы келісімге қол қойды

Алматы қаласы, 2010 ж. 30 қыркүйек

Алматы қаласында Кипр Республикасының Сауда, өнеркәсіп және туризм министрі Антонис Пасхалидис мырзаның Қазақстанға сапары шеңберінде: "Кипр: халықаралық іскери және қаржы орталығы. Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтасудың келешегі" тақырыбында бизнес-форум өтті. Іс-шара ұйымдастырушылар Кипр Республикасының Сауда, өнеркәсіп және туризм министрлігінің қолдауымен Кипр және Қазақстан Республикаларының Сауда-өнеркәсіп палаталары болып табылады.

Форумның жұмысына Кипрдің Сауда, өнеркәсіп және туризм министрі Антонис Пасхалидис мырза, Кипр Сауда, өнеркәсіп және туризм министрлігінің бірінші дәрежелі кеңесшісі Хараламбос Орфанидис мырза, Кипр Сауда-өнеркәсіп палатасы Қызмет көрсету және сауда департаментінің директоры Христос Петсидис мырза, Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдігінің басшысы Бақыт Сағындықұлы Оспанов, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай және басқа да ресми тұлғалар қатысты.

Екі жақты кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан мен Кипр арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтасуды дамытудың келешегін талқылау болып табылады. Жеке алсақ, Алматы қаласында Кипр Республикасының Бас консулдығын ашу туралы мәселе және екі ел арасындағы іскери серіктестік үшін ашылып отырған осы мүмкіндіктер қарастырылды.

Кипрдің Сауда, өнеркәсіп және туризм министрі Антонис Пасхалидис өз сөзінде былай деп атап өтті "Кипр Қазақстанға экономикалық және іскери серіктестік ретінде үлкен маңызы бар, және бұл сапар болашақта жақын ынтымақтасу үшін негіз болады. Мұның бәрі жаңа жұмыс орнын ашуға, іскери белсенділіктің артуына және біздің елдеріміздің әлауқатының өсуіне әсер етеді". Бұдан басқа, ол қазақстан бизнес-қауымдастығын туристік секторды алға жылжыту бойынша бірлесіп қызмет жасауға шақырды.

"Қазіргі таңда Қазақстанда кипрдің қатысуымен 250-ден астам бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Біз Кипр Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтасу туралы қол қойылған келісім сауда-экономикалық серіктестікті күшейтуге және екі ел арасындағы инвестициялық жобалардың көлемін үлкейтуге мүмкіндік береді" - деп түсінік берді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ерлан Қожасбай.

Кездесу барысында кипр бизнес-делегациясы қазақстандық кәсіпкерлерді кәсіби және іскерлік қызметтер секторымен: бизнесті жүргізу мәселелері бойынша бухгалтерлік және банктіктен құқықтық, кеңес берумен және т.б. таныстырды.

Атап айтсақ, Қазақстанда кипр бизнесі тау-кен өндірісінде, көлік және коммуникация саласында, автомобиль және үй тұрмысында қолданылатын заттарды жөндеуде, өнеркәсіпті өңдеу, білім беру және денсаулық сақтау салаларында инвестор болды.

Дерекнама: ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы

5 октября 2010 | Просмотров: 1 247 | Жаңалықтар / Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • Нұртөре Жүсіп: Дәстүрлі БАҚ - мемлекеттік тілдің қорғаушысы
  • Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды 2018 жылғы
  • Цеснабанк шаруаларға несиені теңгемен береді
  • Елордада жылдың ең ірі медиа-оқиғасы - «Astana Media Week-2018» басталды
  • Мемлекеттік органдардың бірыңғай сайты құрылады - Дәурен Абаев
  • Мемлекет басшысы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведумен кездесті
  • Қазақстан мен Ресейдің орталық банктері қор жинап алды - сарапшы
  • Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Мәтіндік трансляция
  • Исламдық қаржыландырудың негізгі талаптары қандай
  • Мемлекет басшысы Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді