|
|

| Қазақстанда тұңғыш LTE желісінің ашылуы |
|
"Вымпелком" және Alcatel-Lucent компанияларының тобы Қазақстанда 700 МГц диапазонында жұмыс істейтін тұңғыш LTE желісін ашуда.
Бұрынғы Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте мобильді кеңжолақты технологияларды таратуда маңызды қадам жасалды.
Париж, 26 қазан 2010 ж. Бүгін Alcatel-Lucent компаниясы (Euronext Paris и NYSE: ALU) және "Вымпелком Лтд." (NYSE: VIP) тобына кіретін және Қазақстанда өз қызметтерін Beeline сауда белгісімен ұсынатын "КаР-Тел" ЖШС компаниясы, Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістікте 700 МГц жиілік диапазонында жұмыс істейтін тұңғыш LTE желісін іске қосқанын жария етті. Alcatel-Lucent жаңа желі үшін жабдықтарды жеткізуші ретінде көрінді. LTE желісі Қазақстанның іскер астанасы - Алматының орталық аудандарына таратылады.
2010 жылдың көктемінде Астана мен Алматы қалаларында "КаР-Тел" компаниясы жүргізген және сәтті өткен LTE технологияларын алдын-ала тексерілуінен кейін "Вымпелком" және Alcatel-Lucent компаниялар тобы, бұқара нарығында Интернетті таратуды жеделдетуді көздейтін Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес, абоненттерге заманауи мобильді кеңжолақты қызметтерін ұсыну жолында еңбек етуде. Мұндай қызметтерді мәліметтерді жоғары жылдамдықпен және төмен кедергілермен жеткізу стандартының бірегей мүмкіндіктерінің арқасында LTE желісінде іске асыруға болады. Ал желіні іске қосу үшін төменжиілілікті диапазонды (700 МГц) пайдалану операторға тарқатудың барынша аумағын ең тиімді түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтынушылар қалаған жерде және қалаған кезде қолжетімді болатын корпоративті тапсырыс берушілерге ең тиімді қызметтердің және жоғары шешімді бейне, музыка, көптұтынушылық бейнеойындар секілді сан-алуан кеңжолақты мультимедиялық қызметтердің пайда болуын күтуіне болады.
"Біз бірінші болып бұрынғы Кеңес Одағының кеңістігінде 700 МГц диапазонындағы тұңғыш LTE желісін құрастырдық, және Alcatel-Lucent-пен ұзақмерзімді ынтымақтастықтың арқасында бірінші болып, жаңа телкоммуникациялық мүмкіндіктерді паш етіп отырмыз. Біздің компания үшін бұл өте маңызды қадам, өйткені біздің негізгі басымдылықтарымыздың бірі болып Интернетке белгіленген және мобильді кеңжолақты қолжетімділіктің дамуы табылады. Біздің бастаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Байланыс пен ақпарат министрлігі толықтай қолдағанына біз қуаныштымыз. Енді бұл елдің тәжірибесі 4G желілерін тарқатудағы "Вымпелкомның" қатысуымен басқа да аумақтарда қолданылады", - деді "Вымпелком Лтд." компаниялар тобының ТМД елдеріндегі бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенты Дмитрий Кромский.
"LTE, IP және шешімдердің кешенді интеграциясы саласындағы Alcatel-Lucent-тің әлемдік тәжірибесі бұл жобаның аясында Alcatel-Lucent High Leverage Network TM (HLN) экономикалық тиімді жоғарғыөнімді желінің сәулетнің әлеуетін барынша іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл сәулеттің мүмкіндіктері "Вымпелком"-ға инновациялық мультимедиялық қызметтерге өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға және ең аз шығындармен инвестициялардан тездетіп қайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Alcatel-Lucent-тің Ресейдегі және ТМД елдеріндегі вице-президенті Александр Тихонов. - Біз LTE технологияларын дамытуда "Вымпелкоммен" ынтымақтастығымызды қуана жалғастырамыз. Оператордың жоғарыбілікті мамандарымен бірігіп, біз ортақ мақсатқа - мобильді байланыс желілерін пайдаланушыларға заманауи кеңжолақты қызметтеріміздің артықшылықтарын қамтамасыз ете отырып, жаңа буынның ақпараттық қоғамын қалыптастыруға жету үшін әрі қарай ілгерілеуге дайынбыз".
Alcatel-Lucent шешіміне LTE базалық стансалары да, жетілдірілген пакеттік өзек, IP/MPLS демеу желісі, және де желілік жоспарлау, жобалау, интеграция және оңтайландыру қызметтері енеді.
Источник: Alcatel-Lucent

|
|
Материалы по теме:
|
|
Әйгілі тақырыптар
|