Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Елбасы Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченконы қабылдады

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Г.Марченко Президентке елдің қаржы саласындағы, атап айтқанда, валюталық рыноктың ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

- Жылдың басынан бері алмастыру бағамы өте тұрақты болды, сондықтан біз соңғы бірнеше айда ешқандай интервенция жасаған жоқпыз. Ұлттық Банкінің алтын валюталық қорының активтері өсті, Ұлттық қордың валюталық активтері қазіргі уақытта 30 миллиард доллардан асады, - деді Ұлттық Банкі Төрағасы.

Сондай-ақ кездесу барысында Г.Марченко Мемлекет басшысына банкнот фабрикасында жаңа жоғары технологиялық өндіріс - бағалы қағаздар цехы іске қосылатынын мәлімдеді.

Источник: ҚазАқпарат

http://www.inform.kz/kaz/article/2321099

11 қараша 2010 | Просмотров: 432 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар