Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Алматыда қаржы өнімдерінің үшінші көрмесі өтеді

2010 ж., 10 қараша, Алматы қ. - бүгін Қазақстан Баспасөз клубында 2010 жылдың 19-21 қараша күндері "Mega Alma-Ata" сауда-ойын-сауық орталығында халыққа арналған қаржы өнімдерінің көрмесін өткізуге байланысты баспасөз мәжілісі ұйымдастырылды. Көрмені Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі (АӨҚО ҚРА) ұйымдастырып отыр.


Баспасөз мәжілісіне АӨҚО ҚРА Төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісов, "Premier Capital" АҚ Басқарма төрағасы Мәдина Әлиева, "Инфодом" ЖШС Бас директоры Куляна Алина қатысты.


"Қаржы өнімдерінің көрмесі Қазақстанда үшінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шараға айналып үлгерді. Көрме қысқа уақыт ішінде нарықтың жетекші қатысушыларынан инвестициялау мүмкіндіктері жөнінде толық көлемді ақпаратты алуға мүмкіндік беретін орын ретінде кеңінен танылып отыр. Сонымен қатар, көрмеге келушілер осы аталған іс-шараға қатысып отырған кез келген компаниямен келісім-шартқа отыру мүмкіндігіне ие болады", - деп атап өтті АӨҚО ҚРА Төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісов.


Көрмені өткізудің мақсаты - халықты қаржы ұйымдарының қызметімен таныстыру, жеке инвестициялаудың қор нарығындағы тетіктерін ажырата білуге көмектесу, брокерлік компаниямен келісім-шарт жасап, құнды қағаздар сатып алуға мүмкіндік жасау. Жалпы алғанда, көрме өз әл-ауқатын арттыруға, өмір сүрудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге ниетті, осы мақсаттарды өмірде іске асыруға мүмкіндік беретін қаржылық құралдарды табуға ұмтылатын ақырғы тұтынушы - қарапайым азаматтарға бағытталған.


Көрмеге Қазақстанның ең ірі брокерлік компаниялары "BCC Invest", "CAIFC", "Centras Securities", "Real Invest", "Premier Capital", "БТА Securities", "Континент" инвестициялық-қаржылық тобы және өзге де ұйымдар қатысып отыр. Сондай-ақ, Жеке инвесторлар клубы, АӨҚО Академиясы және ДомДенег.kz порталы өз стендерімен таныстыратын болады. Көрмеге келушілер үшін оқыту семинарлары ұйымдастырылып, сарапшылар биржада сауда жасау, қор нарығының құралдары, құнды қағаздармен жұмыс жасау және ықтимал тәуекелдер жөнінде ақпарат беретін болады. Сонымен қатар, кез келген адам мамандардан құнды қағаздар нарығы жөнінде кеңес алу мүмкіндігіне ие болмақ.


Өткен жылы Алматы қаласында өткізілген осындай көрме үш мыңға жуық келушілерді жинап, олардың 400-і таныстырылым-семинарларына тыңдаушылар ретінде қатысты. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік қызметкерлер үшін құнды қағаздар сатып алу құқығы берілгені белгілі. Сол себепті биылғы жылдың 1 сәуірінде Астана қаласында өткізілген көрменің мақсаты халықты қаржы құралдар жөнінде ақпараттандыру және мемлекеттік қызметкерлерді қор нарығының мүмкіндіктерімен таныстыру болып табылды.


"Бізге өткен жылғы көрменің ұйымдастырылуы мен оның үлгісі аса ұнады. Қаржы құралдарына қызығушылық танытқан тұлғалардың көп болуы бізді қуантты. Олардың көбісі үшін қаржы нарығы жаңа сала болғанымен, оған деген қызығушылық өте жоғары болды.


Биыл біз аталған көрмеге қатысу ниетімізді білдіріп отырмыз. Халықтың қызығушылығы биыл да жоғары болады деп үміттенеміз", - дейді Активтерді басқарушылар Қауымдастығының басшысы Талғат Қамаров.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

18 қараша 2010 | Просмотров: 330 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар