2010 жылғы 24 қараша, Алматы қаласы, "Rixos Almaty" отель
Бүгін Алматы қаласында "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ және "Қазақстан қор биржасы" АҚ ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ мен "Активтерді басқарушылардың қауымдастығы" ЗТБ-ның қолдауымен ұйымдастырған "Қазақстанның қор нарығы. KASE-тегі IPO" Форумының ашылуы болып өтті.
Форумға қатысушылардың назарының ұшында - Қазақстанның дағдарыстан соң дамуындағы ұлттық компаниялардың KASE-те IPO рөлін, KASE-те IPO жүргізу шарттарын, сондай-ақ Қазақстандық қор нарығының инвестициялық әлуетін талқылау.
Қазақстан үшін Қазақстандық қор нарығын дамыту бойынша пәрменді қадамдар жасайтын уақыт келіп жетті - деп санайды ұйымдастырушылар. Ел ішінде "көгілдір фишкалардың" акцияларын орналастыру елдің экономикасын дағдарыстан кейін дамытуды жылдамдатуға және мемлекеттің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға жәрдемдесетін болады. Оған нақты сектордың кәсіпорындарының қорландыру базасына елдің ішінде жинақталған қорларды тарту арқылы оны кеңейтудің есебінен, сондай-ақ шетелдік инвестициялар ағынының арқасында қол жетеді. Қазақстандық инвесторлардың ішкі инвестициялық әлуеті де сондай-ақ көптеген сарапшылардың оң бағасына ие болып отыр.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін компаниялардың, тіпті егер олардың жоспарларына жақын арадағы жылдарда IPO кірмейтін болса да, KASE листингіне енгізілуі маңызды болмақ. Бұл халықаралық және отандық сарапшылардың тарапынан олардың қызметінің көлегейсіздігін бағалауды елеулі жақсартуға мүмкіндік береді. Ірі ұлттық компаниялар корпоративтік басқару, ақпаратты жария қылу және еркін айналыстағы акциялардың минималды талап етілетін санын қамтамасыз ету саласында үлгі көрсететін болуға тиіс.
Форум екі күн бойы өтетін болады. 24 қарашада Форумға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, ірі және орта бизнес компанияларының басшылығының өкілдері, сондай-ақ қаржылық ұйымдар мен халықаралық инвестициялық қорлардың басшылары қатысатын сарапшылық пікірсайыстар болып өтеді.
25 қарашада АӨҚО Академиясында бағалы қағаздардың эмитент-компаниялары үшін үйрету "IPO&road show", "IR тиімділігін арттыру: инвесторлармен жұмыс істеу принциптері", "Қазақстанда IPO коммуникациялық сүйемелдеу" мастер-класстары өткізіледі.
Барлық сұрақтарыңызды төмендегілерге жолдаңыздар:
"Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ - Жанна Амершина
тел.: (727) 311 09 31, іш.н. 165, +7 701 530 60 90, amershina@rfca.kz;
ҚР АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі агенттігі - Гульмира Арбабаева
тел.: (727) 244 95 00, іш.н.1129, arbabayeva@rfca.gov.kz;
"Қазақстан қор биржасы" АҚ - Гульнара Ахмедова,
тел.: (727) 237 53 08, e-mail: pr@kase.kz;
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы