2010 ж. 14 желтоқсанда, ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі халықаралық конференция аясындаBISAMCentralAsia Бизнес-ақпарат, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығының президенті Леонид Гуревич "Қазақстандық кәсіпкер: өз тарихын өзі бағалауы, тағдыры мен келешегі" атты тақырыпта баяндама жасады. Онда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның тапсырысымен жүргізіліп жатқан кешенді маркетингтік зерттеудің бір тармағы бойынша нәтижелер жария етілді.
Талдамалық зерттеу жұмысын әзірлеу барысында жұмыс істеп жүрген 2000 кәсіпкер арасында сауалнама жүргізілген. Бизнесмендер жеке іс бастауларына не түрткі болғаны, өз компанияларының қазіргі жағдайы және болашақ жоспарлары турасындағы сауалдарға жауап берді.
"Өткен шақ" атты зерттеу блогы
Зерттеу барысында респонденттердің 77% бизнестерін өз қаражатына ашқандары белгілі болды. Сауал жүргізілгендердің 25% жуығы осы мақсатқа Банктен кредит алған.Кәсіпкерлердің 5% үшін сыйға тартылған және мұрагерлік қаражат бастапқы капитал көзі болса, респонденттердің 2% өз бизнесін мемлекет қолдауымен ашқан.
Сауал жүргізілген бизнесмендердің 87% өз ісін жүргізгенге дейін жалданбалы қызметкерлер болған.Олардың 11% - басшылар, 35% - мамандар, 20% - ортаңғы буын жұмыскерлер, 15% - жұмысшылар, 5% - маман емес қызметкерлер, 1% - ғылыми қызметкерлер. Жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің 8% - бұрынғы жұмыссыздар, сауал жүргізілгендердің тағы 3% өз ісін оқуын тәмамдағаннан кейін бірден ашқан.
Зерттеу барысында өз қалауымен жеке іс бастаған кәсіпкерлердің саны кәсіппен шұғылдануға мәжбүрлік итермелеген соң келген кәсіпкерлердің санынан шамалы ғана артық екендігі анықталып отыр. Дегенмен, қазіргі кәсіпкерлердің 40% астамы бизнесті мәжбүр болғандықтан бастаған (көпшілігінде бұл шаруа қожалықтарының бастықтарына қатысты, осындай қожалықтар үлесі 6%, ЖШС пен АҚ басшылар үлесі - 27%, жеке кәсіпкерлер үлесі - 43%). Кәсіпкерлікпен шұғылдануға жағдайға байланысты, мәжбүрлікпен келгендіктері туралы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары басшылары жиі айтып отыр. Сауалнама жүргізілген заңды тұлғалар өкілдерінің жартысына жуығы бизнеске өз қызуғышылықтарымен келгенін айтады (47%).
Зерттеу авторлары қазіргі жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің бизнесмен бола алған- алмағандарын білу үшін, егер олар жалданбалы жұмыста жүрген кезде жеткілікті жалақы алған болса кәсіпкерлікпен шұғылданар ма еді деген сауалмен оларды өткен өмірлеріне қайта оралтуға тырысып көрді. Сауалнама жүргізілгендердің жартысынан астамы (54%) қалай болған күнде де кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарын, ал 39%, керісінше, қызметкерлік жұмыс орындарымен қанағаттанатындарын жеткізді.
"Бүгін" зерттеу блогы
Сауалнама жүргізілген бизнесмендер өз компанияларының даму деңгейіне баға берді, респонденттердің 80% жуығы өз бизнесінің техникалық және нарықтық жағдайын орташа деп, ал 10% қазіргі жағдайына айтарлықтай көңіл толатындай оң бағалады, және де 9% - тіптен қанағаттанарлықсыз күйде екендігін жеткізген.
Сауалнама көрсеткендей, кәсіпкерлердің 15% модернизацияға және дамытуға барынша дайын болса, респонденттердің 40% өзгерткілері келетінін, алайда қаржы тапшылығы қол байлау болып отырғандығын айтады. Кәсіпкерлердің жартысы әзер күн көруде. Әсіресе бұл шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге, яғни қаражаты тек бизнесін жоғалтып алмай ұстап тұру үшін ғана әзер жететіндерге қатысты, олар сәйкесінше 65% және 50% құрады, АҚ мен ЖШС басшылары арасындағы үлес - 32%.
BISAM орталығының "ДАМУ" Қоры үшін дайындаған алдыңғы (2009ж) зерттеуі көрсеткендей, бизнес пен билік арасындағы келіспес қайшылықтарды жеңуге, өкінішке орай, қол жеткізілген жоқ деп атап отыр жұмыс авторлары. Олардың деректері бойынша сұрау салынғандардың 65% жергілікті билік тарапынан оларға салғырт қараушылық және жағымсыз әрекет көрсетулердің орын алғандығын жеткізді. Осындай ситуацияға, әсіресе, жеке кәсіпкерлердің көңілдері толмай отыр. Респонденттердің 20% астамы биліктің бизнеске қатынасын - бейтарап деп есептейді, 10% шенеуніктер тарпынан көрсетілетін қолдау мейлінше ресми түрде, ал сауалнама жүргізілгендердің тек 2% ғана дұрыс пікір білдірді.
Сауалнама жүргізілгендердің 66% жергілікті мемлекеттік органдардың соңғы 3-5 жылда кәсіпкерлерге деген қатынасының еш өзгермегендігіне сенімді. Бизнесмендердің 22% биліктің бизнеске деген қатынасының жақсарғандығына мейлінше оң баға беріп отыр. Респонденттердің тағы 11% осы мәселе бойынша жағдайдың біршама нашарлағаны жайлы айтады.
"Келешек" зерттеу блогы
Жалпы, сауалнама жүргізілген кәсіпкерлер өз бизнесінің даму болашағына оң ниетпен қарайды. Зерттеу барысында респонденттердің 86% осылай деді. Бизнесмендердің 15% , керісінше, өз ісін жүргізудің ешқандай келешегінің жоқтығын алға тартады. Соның өзінде, барлық қиындықтарға қарамастан, күн көріс қамынан гөрі, өз ісін дамытуға деген ұмтылыс басым. Бизнесмендердің 64% өз қызметінің даму стратегиясын бизнесті қарқынды дамытудан және ұлғайтудан көретінін баса айтады.
Әлеуметтік зерттеу блогы
Кәсіпкерлерден өз бизнесін жүргізуде жетістікке қол жеткізу үшін қандай жеке қасиеттің маңызды екенін бағалау сұралған болатын. Сауалнама жүргізілген кәсіпкерлердің 16% жуығы еңбекқорлықпен және тәулік бойы тек өз компаниясы туралы ойлау қабілетінің барлығымен негізделеді деп есептейді. Респонденттердің тағы 24% жетістікке қол жеткізудің бірден бір басты тетігі еркіндік пен күш-жігердің болуы, сонымен қатар пайда табу мақсаттылығы деп тұжырымдайды.
Сауалнама жүргізілгендер табысты бизнесменге тән өзге сапалар қатарында дамыған түйсіктің болуын, болашақты меңзей алуын, адамды дұрыс бағалау қабілеті мен оларды жұмысқа мәжбүрлеместен қызықтыра білу, тәуекелге бел буа білу, жаңашылдыққа бой ұру, ұқыптылық пен стресске (торығуға) төзімді бола білу қабілеттерін атады.
Одан бөлек зерттеу авторлары кәсіпкерлердің бизнесті дамытудағы әлеуметтік жауапкершілікті түсінетіндерін анықтады. Респонденттердің көпшілігінде бұл ұғым заңды орындау және істі таза жүргізу шегінен шықпайтындығы анықталды. Өз кезегінде, сауалнама жүргізілгендердің 37% үшін әлеуметтік жауапкершілік салықты ұқыпты төлеумен, ал 18% үшін компания қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлеумен шектеледі. Қалған бизнесмендер үшін әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз жаңа жұмыс орындарын құру және қайырымдылық жасау деп өздерінің өмірге деген кең көзқарастарын көрсетті.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы