ҚазНетте журналистерге, сарапшыларға, аналитиктерге және өзге де қызығушылық танытқан адамдарға арналған тиімді ақпараттық ресурс өз жұмысын бастады.
MediaNet халықаралық журналистика орталығы жаңа қазақстандық www.presskit.kz веб-ресурсының іске қосылғаны жайлы хабарлайды. Сайт дерек көзінен, яғни мемлекеттік ұйымдардан, коммерциялық құрылымдардан, үкіметтік емес сектордан және халықаралық ұйымдардан тікелей ақпарат алып отыратын әмбебап құрал ретінде жұмыс істейді.
Кез-келген ұйым жеңіл тіркеуден өтіп (қосымшадан нұсқаулықты қараңыз), тек өзі туралы ақпаратты ғана емес, бүкіл баспасөз баяндарының мұрағатын, жоспарланып отырған құлақтандыруларын және өзге де ақпараттық материалдарды сайтта жариялай алады.
Бұл сайт қолданушыларына болып жатқан оқиғалар мен шаралар туралы құлағдар болып отыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сайтта жарияланған жаңалықтар, болжамдар, шолулар және сараптамалық мақалалар медиа-сала қызметкерлеріне де, зерттеу жүргізіп, я болмаса ғылыми жұмыс жазып жүрген жандарға да пайдалы болмақ.
Назар аударыңыз! Ақпараттық материал жарияламас бұрын, пайдаланушымен келісімге мән беріп, құжатпен танысуыңызды сұраймыз.
Дерекнама: MediaNet