2010 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан қор биржасы (KASE) "алтын" және "күміс" дипломдар төменде берілген номинациялар бойынша келесі биржа мүшелеріне табыс етілді:
- "Биржалық валюта нарығының көшбасшысы": "RBS (Kazakhstan), "Еншілес Банкі" АҚ ("алтын" диплом), "Еуразиялық банк" АҚ ("күміс" диплом);
- "Биржалық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының көшбасшысы": "Еуразиялық Капитал" АҚ ("алтын" диплом), "Қазақстан халық жинақтаушы банкі" АҚ ("күміс" диплом);
- "Биржалық акциялар нарығының көшбасшысы": "Сентрас Секьюритиз" АҚ ("алтын" диплом), "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ ("күміс" диплом);
- "Биржалық облигациялар нарығының көшбасшысы": "Сентрас Секьюритиз" АҚ ("алтын" диплом), "RESMI" Инвестициялық Қаржы Үйі" АҚ ("күміс" диплом);
- "Репо операциялар нарығының көшбасшысы": "ЦентрКредит Банкі" АҚ ("алтын" диплом), "Қазақстан халық жинақтаушы банкі" АҚ ("күміс" диплом);
- "Жетекші қаржы кеңесшісі": "Halyk Finance" Қазақстан халық жинақтаушы банкінің еншілес ұйымы" АҚ.
2010 жылдың нәтижесі бойынша "Айқындыққа ұмтылысы үшін" дипломдары келесі листингілік компанияларына мынадай топтарда табыс етілді:
- "Экономиканың қаржы секторының листингілік компаниялары": "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Қазақстан халық жинақтаушы банкі" АҚ;
- "Экономиканың өндіріс, шикізат және энергетика секторларының листингілік компаниялары": "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ, KAZAKHMYS PLС;
- "Экономиканың өзге де секторларының листингілік компаниялары": "Қазақтелеком" АҚ, "RG Brands" АҚ.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы, KASE