Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Kaspi Bank Алматы қ. балалар реанимациясын жабдықтауға 200 мың доллар бөлді

12 сәуірде Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасында Алматы қаласының 5 перзентханасының балалар реанимациялық бөлімдеріне жабдық табыс етілді. "Аяла" қайырымдылық қорының "Демінді алшы, бүлдіршін" жобасының екінші кезеңі осылай аяқталды. "Kaspi Bank" АҚ қазіргі заманғы жабдықты сатып алуға 200 мың доллар бөліп, екінші кезеңді толықтай қаржыландырды.

"Демінді алшы, бүлдіршін" жобасы Қазақстан Республикасының перинаталдық орталықтары мен перзентханаларының балалар реанимацияларын өмірлік қажетті жабдықпен жабдықтауға бағытталған. Банктің қолдауының арқасында Алматы қаласының перзентханаларына дем алу аппараттары, реанимациялық үстелдер, перфузорлар мен инфузоматтар табыс етілді.

- Біз перзентханаларға берген жабдық 38 845 248 теңге тұрады, - дейді "Аяла" қайырымдылық қорының Президенті Айдана Сүлейменова. - Ол түрлі патологиялары бар жаңа туған нәрестелерді қарауға арналған, шала туған пациенттерді емдегенде оның маңызы зор. Қазақстандық бизнес флагмандарының көмегінсіз қордың кез келген жобаларын іске асыру мүмкін болмас еді. Kaspi bank балалар өлімін азайтуға бағытталған жобаларға көмектесе отырып, еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосуда.

2009 жылы kaspi bank "Демінді алшы, бүлдіршін" жобасының бірінші кезеңін іске асыру үшін "Аяла" қайырымдылық қорына 15 млн теңге бөлген болатын. Қаржыландырудың арқасында қор еліміздің шала туған балаларды қарауға арналған еліміздің ең ірі босану мекемесінде - Алматы қаласының перинаталдық орталығында барлық қажетті жабдықтарды орнатты, мұнда жылына 7-7,5 мың әйел босанады. Жобаның бірінші бөлігі Алматы қаласының перинаталдық орталығындағы шала туған нәрестелердің өміршеңдігін 5%-дан 24%-ға дейін арттыруға септігін тигізді.

Нәтижелерді көріп, банк екінші кезеңді қарджыландыруды толығымен өз мойнына алып, Алматы қаласының барлық перзентханаларын бірегей жабдықпен жабдықтады.

- Адамдардың арасындағы серіктестік, достық, отбасылық қатынастарды қолдау әрі нығайту - біздің құндылықтарымыздың бірі. Балалар, олардың денсаулығы мен болашағы - кез келген отбасының ең үлкен бақыты. Жүздеген қазақстандықтар осы бақытқа ие бола алатынына септігімізді тигізгенімізге қуаныштымыз, - деді жабдықты табыс ету рәсіміне қатысқан "Kaspi Bank" АҚ Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе. - kaspi bank қарқынды дамып келеді, былтырғы жылы біз жалпы сомасы 21 млн теңгеден асатын түрлі әлеуметтік жобаларға қолдау көрсеттік. Бұл іске асырылған жобалар Қазақстан халқының игілігіне қызмет етуде, біздің іс жүзіндегі қадамымыз - kaspi bank-інің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарына шынайы берілгендігінің айқын дәлелі.

Банк дәстүрлі түрде қолдайтын жобалар - балалар үйлерін компьютерлік сыныптармен жабдықтау және ҰОС ардагерлеріне көмектесу.

Дерекнама: "kaspi bank"

15 сәуір 2011 | Просмотров: 216 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар