16 мамыр 2011 ж., Алматы қ. Бүгін GSM Қазақстан/Kcell Activ, Kcell, Vegaline желілері ішінде қоңырау шалу тарифтерін 20% төмендеткенін хабарлады.
Енді GSM Қазақстан/Kcell желілері ішіндегі сөйлесу минутының жоғарғы құны ҚҚС қоса есептегенде 20 теңгені құрайды. Компанияның аталмыш әрекеті бірнеше жылдардан бері GSM Қазақстан/Kcell жүргізіп келе жатқан тарифтерді кезең - кезеңмен төмендету стратегиясы аясында жалғасуда. "Біздің компанияның мақсаты - абоненттерге орасан пайда әкеле отырып, Қазақстанның барлық тұрғындарының ұялы байланысқа қол жетімділігін қамтамассыз ету.
Біздің бұл қадамымыз қазақстандықтардың ұялы байланысқа жұмсайтын шығынын айтарлықтай азайтады және алдағы уақытта еліміздің телекоммуникация нарығында бәсекелестіктің дамуына жол ашады деп сенеміз", - деп атап өтті Вейсел Арал, GSM Қазақстан/Kcell компаниясы Бас атқарушы директоры.
Бұған дейін де компания өз абоненттерінің ұялы байланыс шығындарын азайту бағытында жасалған қадамдарын хабарлаған болатын. Атап айтқанда, компания ақпанда барлық тарифтік жоспарларға қосылу ақысын алып тастады, наурызда секундтық тарифтеу енгізді, ұялы интернет бағасын 35 есеге төмендетті. Осыған қарамастан компания Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін ұялы байланысқа қол жетімділікті мұнан да арттыру үшін жаңа бағалық ұсыныстар әзірлеуді жалғастыруға дайын.
Дерекнама: GSM Қазақстан/Kcell