Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
ҚАЗАҚМЫСТЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ГОНКОНГ ҚОР БИРЖАСЫНДА

Қазақмыс Тобының Директорлар Кеңесі Гонконг қор биржасында листинг өткізуге нақты келісімін берді. 16 мамырдағы баспасөз релизінде айтылғандай, бұл рәсімдемені 2011 жылғы маусым айының соңына дейін аяғына жеткізу жоспарлануда.

Директорлар Кеңесі ағымдағы бағам бойынша жаңа акциялар шығару қазіргі акционерлерімізге қосымша артықшылықтар бермейді деп пайымдайды. Осылайша, листингті жаңа акциялар шығармастан биржаға жолдау түрінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Директорлар Кеңесі алдағы уақытта өтімділікті қолдау мақсатымен, Гонконг нарығында орналастыру үшін қосымша акцияларды шығарудың мүмкіндігін қарастыра алады. Қосымша акцияларды шығару олардың нарықтық бағамына, әсіресе компанияны өркендетудің негізгі жобалары - Бозшакөл мен Ақтоғай кен орындарының игерілуіне қарай капиталға деген мұқтаждыққа байланысты болады.

"Қазақмыстың стратегиялық жағынан дамуы үшін Гонконг қор биржасындағы листингтің маңызды мәні бар, әрі біз аталған рәсімдемені жақын арада аяқтауды жоспарлап қойдық. Акциялардың қазіргідегідей бағамы мен Топтың күшті қаржылық көрсеткіштері кезінде жаңа акциялар шығару акционерлеріміз үшін қосымша артықшылықтар бере қоймайды. Біз өзіміздің өркендеу жобаларымыздың дамытылуын және нарықтық жағдайды есепке ала отырып өз ұстанымымызға талдау жасалуын жалғастыра бермекпіз", - деп түсініктеді Қазақмыс Тобының Басқарушы бас директоры Олег Новачук мырза.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

28 мамыр 2011 | Просмотров: 310 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар