Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Алматыда “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2011″ екінші аймақтық ортаазиялық форумы өтеді

Форум Алматыда 2011 жылдың 23-24 маусымында "Достық" қонақүйінде өтеді.

Шара аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, парламентарийлер, дипломаттар, интернет-қауымдастық белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер, заңгерлер, интернет-сарапшылар, академиялық орта және бизнес өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріндегі Интернеттің дамуы туралы пікірталастар болады.

Форумды Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының және Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Қазақстанның Медиа Альянсы ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылар қызығушылық танытқан барлық адамдарды шараға баяндамашы не тыңдаушы ретінде қатысып, белсене араласуға шақырады.

Форумға қатысушы үшін (қатысу тегін) онлайн-тіркеуден өту қажет.

Шараға қатысатын баяндамашылардың барлық шығынын (жол, жатын орын, тамақ) ұйымдастырушылар өз мойындарына алады.

"Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2011″ екінші аймақтық ортаазиялық форумының серіктесі "Достық" қонақ үйі.

"КаР-Тел" ЖШС "Beeline" сауда маркасымен техникалық қолдау көрсетуде.

Источник: MediaNet

7 маусым 2011 | Просмотров: 326 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар