Ірі фармацевтикалық "Польфарма" фирмасы Шымкент қаласындағы "Химфарм" АҚ иесі болып табылатын қоғамның мажоритарлық акционеріне айналды. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен баспасөз мәжілісінде мәлімделді. "Польфарманың" қаржы құюуы нәтижесінде "Химфарм" 4 жыл ішінде GMP (Good Manufacturing Practice - Тиісті өндірістік тәжірибе) өндіріс стандарттарына көшпек. Бұл заманауи технологияларды ендіру, жаңа өнімдерге қолжеткізу, сондай-ақ, халықаралық ұйым шеңберінде жұмыс кадрларын дамыту есебінен Қазақстанның бүкіл фармацевтикалық секторының дамуына ықпал етпек.Бұл Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 2010 жылдың басында бекіткен фармацевтика өнеркәсібіэкономиканың басым бағыттарының бірі ретінде жарияланған "Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына" сәйкес келеді.
"Польфарма" - Орталық Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия аймағында белсенді қызмет етіп жүрген 600 млн. АҚШ долларына жуық жылдық табысқа ие халықаралық фармацевтикалық топ. Ол польшалық фармацевтикалық нарықтың көшбасшысы және де дәрілік құралдар мен фармацевтикалық субстанцияларды өндіретін аса ірі польшалық компания болып табылады. "Польфарма" компаниясының барлық өнімі қоршаған табиғи орта қауіпсіздігі мен өнімнің ең жоғары сапасын кепілдендіретін заманауи технологияларды қолдана отырып, GMP халықаралық стандарттарына сәйкес жасап шығарылады.
"Химфарм" АҚ нарықта Santo белгісімен қызмет атқарып келеді және де Қазақстандағы дәрі құралдарының жергілікті өндірушілері арасында көшбасшы орынға ие. Өндіріс көлемі бойынша аталған өнеркәсіптің отандық нарықтағы үлесі 50%-ға жуықтайды.
"Химфарм" АҚ-ның "Польфарма" Тобына кіруі компания үшін әлемдік өндірістік стандарттар деңгейіне көтерілуге қажетті қаржы мен заманауи ноу-хауға қолжеткізуді білдіреді.
- Таяу арадағы 4 жыл ішінде "Химфарм" АҚ-ға инфрақұрылым, технологиялар мен өндіріс стандарттарын жаңарту үшін жұмсалатын 85 млн. АҚШ долларына жуық қаржы құйылмақ. Биылдың өзінде ампулаға салынған дәрі құралдарын шығаратын жаңа цехтың құрылысын бастау жоспарланып отыр, - деді бұрынырақта "Польфарманың" Басқарма Президентінің экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болған "Химфарм" АҚ-ның жаңа Бас директоры Влодзимеж Грыглевич.
"Химфарм" АҚ GMP стандарттарын толығымен ендірген соң, "Польфарма" Қазақстанда және аймақтағы өзге мемлекеттер аумағында сатылатын өзінің дәрілік препараттар өндірісін Шымкент қаласында орналасқан зауытқа көшірмек. "Химфарм" АҚ бір мезгілде "Польфарма" Тобының қазіргі қоржынындағы 300-ден астам өнімге, сондай-ақ, әзірлену үстіндегі 400 жаңа өнімге қолжеткізбек. Бұл өнімдер, бірінші кезекте, кардиологиялық, неврологиялық және гастрологиялық дәрі құралдары, сондай-ақ, онкологияда қолданылатын дәрілік құралдар мен биотехнологиялық препараттар болып табылмақ.
"Польфарма" Тобының коммерциялық қызметі нарықта „Santo. Member of Polpharma Group" белгісімен ұсынылатын "Химфарм" АҚ қызметіне ықпалдастырылмақ. Осылайша Қазақстан "Польфарма" Тобының Орталық Азия аймағындағы коммерциялық қызметін басқару орталығына айналмақ.
- Бір топ ішінде күш-жігерімізді біріктіру "Польфарманың" Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия нарығында көшбасшы орынға шығу жөніндегі стратегиялық мақсатын жүзеге асыруда айрықша маңызды қадам болып табылады, - деп баса атап өтті "Польфарма" Басқарма Президенті Яцек Глинка.
"Польфарма" Тобына ену, сондай-ақ, "Химфарм" АҚ қызметкерлері үшін халықаралық кәсіпорын шеңберінде дамуға қажетті қосымша мүмкіндіктерді бермек. Польша, Ресей, Испания және Түркия секілді елдерде "Польфарманың" өзінің өндірістік, зерттеу және сауда бөлімдері бар. Бұл халықаралық ауқымда білімдермен алмасуға және тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді.
"Польфарманың" "Химфарм" АҚ-ны дамытуға байланысты жоспарлары Қазақстанның бүкіл фармацевтика секторының дамуына елеулі ықпал етпек және де қызмет атқарып тұрған өндірістерді жаңарту, жаңа фармацевтикалық кәсіпорындарды салу және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша "Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" аясында аталған саланы дамытуға бағытталған негізгі бағыттарға сәйкес келеді. Заманауи білімдер, жаңа өнім, жоғары деңгейлі технология және әлемдік өндірістік стандарттардың арқасында Қазақстандағы пациенттерді емдеу сапасы біршама көтерілмек.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы