Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Алғашқы қазақстандық MyPaykz ұтқыр төлем жүйесі іске қосылады

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ мен "Интервэйл Казахстан" MyPaykz алғашқы қазақстандық ұтқыр төлем жүйесін іске қосады. Қазақстан Республикасының ең ірі әмбебап коммерциялық банкі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (www.halykbank.kz) және ұтқыр банкинг және ұялы байланыс коммерциясына арналған шешімдер нарығының көшбасшысы "Интервэйл Казахстан" ЖШС (www.intervale.kz) Қазақстанда теңдесі жоқ банк картасынан ұтқыр төлем жасау сервисін - MyPaykzұтқыр төлем жүйесін ұсынады.

Бұл шешім Қазақстан аумағында немесе одан тысқары жерде (роумингте) болсын, кез келген қазақстандық GSM-байланыс* операторының абоненттеріне банк картасын пайдаланып, ұялы телефон арқылы нақты уақыт тәртібімен тауарлар мен қызметтерді сатып алу мүмкіндігін береді. Қатаң аутентификация рәсімі төлемдердің қауіпсіздігіне кепілдік береді. Төлем жасау үшін ұялы телефонға ықшамды программа жүктеледі де, телефонның экранында қолайлы төлем мәзірі пайда болады. Содан соң телефонға Қазақстанның кез келген банкінің Visa International және MasterCard International карталары қосылады. Пайдаланушыға қолайлы болу үшін, өз банкіне бармай-ақ, Интернетке қосылған компьютерден (Bluetooth, IrDA-порт, кабельмен қосылу) немесе wap.mypay.kz WAP-сайтынан, www.mypay.kz сайтынан, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның www.halykbank.kzсайтынан және Халық банкінің www.halyk24.kz қашықтық сервистер порталынан ұтқыр қолданбаны жүктеу арқылы сервиске үш қадамнан қосылу көзделген.

Төлемді жүзеге асыру үшін, қолданбаның интуитивті түрде түсінікті мәзіріндегі тізімнен қажетті қызметті таңдап алып, нұсқама бойынша әрекет етсеңіз жеткілікті. Сонымен қатар MyPaykz-пенөлшемдері алдын ала сақталған "Таңдамалы төлемдерді" (төлем шаблондарын) жасауға болады. Бүгіннің өзінде MyPaykz қолданбасының көмегімен ұялы байланыс, Интернет, теледидар, коммуналдық төлемдерді және басқа да көптеген қызметтерді қоса есептегенде, 50-ге жуық компанияның қызметі үшін ақы төлеуге болады.

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Альменов айтқандай: "MyPaykz қызметін енгізу "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның ұлттық электронды коммерция нарығын дамыту стратегиясының логикалық жалғасы болып табылады, оның бірінші кезеңі "Ұтқыр банкинг" - ұялы телефонға SMS-хабарламалар жолдау көмегімен карталар қорындағы ағымдағы шот қаражатын тәулік бойы бақылау жүйесін іске қосу болған еді. Енді картасының эмитенті қай банк болып табылатынына қарамастан, біз бүкіл қазақстандықтарға Intervale-дің осы аса қолайлы қызметін көрсете аламыз.

"Бұл жоба біздің Қазақстан Республикасында ақпараттық коммуникациялар нарығын дамыту жобасын іске асыру жолында Қазақстан Халық банкімен құрып отырған табысты ынтымақтастығымыздың кезекті кезеңі болып табылады. Транзакцияларды ұялы телефоннан жүргізу міндетті төлемдерді төлеуге едәуір уақыт пен күш жұмсап жүрген тұтынушылардың өмірін айтарлықтай жеңілдетіп қана қоймай, банктің өз клиенттеріне тікелей қызмет көрсетуге жұмсалатын операциялық шығындарын азайтады сауда операцияларының "мөлдірлігіне" септігін тигізеді", - деп мәлімдеді "Интервейл Казахстан" ЖШС директоры Марина Мартынова.

Қызметті өткізу стратегиясы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ бөлімшелерінде бірлескен жарнама кампанияларын өткізуді, банкоматтардың дисплейлері мен жобаға қатысушылардың сайттарындағы интербелсенді мәзірге MyPaykz туралы ақпарат орналастыруды көздейді.

3 тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде іске асырылған қолданбаны барлық қарапайым телефондарға, сондай-ақ, Simbian және WindowsMobile операциялық жүйелерімен жұмыс істейтін смартфондарға қондыруға болады. 2011 жылғы қазан айының аяғында бұл қолданба Android және iOS (iPhone) операциялық жүйелерімен жұмыс істейтін смартфондар үшін де қолжетімді болмақ. Келешекте қызметтер тізімі МАИ айыппұлдарын, салықтарды, теміржол және авиабилеттер ақысын төлеу мүмкіндігімен толығатын болады, ұялы телефон арқылы картадан картаға ақша аудару қызметіне де қол жеткізуге болады.

*Қазіргі кезеңде "Кар-Тел" ЖШС (Beeline, DOS СМ), "Қазақтелеком" ААҚ (Kcell СМ, Activ бренді), "Мобайл-Телеком Сервис" (Tele2, neo СМ) ЖШС ААҚ ұялы байланыс операторы абоненттеріне қолжетімді.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

4 қазан 2011 | Просмотров: 155 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар