Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
ХҚК Грузияның ауыл шаруашылығы мен экспортын көтеруге бағытталған қаржы бөледі

Тбилиси, Грузия, 2011 ж. 4 қазаны. IFC - Әлемдік Банк Тобының мүшесі, ауылдық аудандарда жұмыс орындарын құруға және ұсақ фермерліктерге ақшалай көмек көрсетуге грузиялық шарап өндірушілерімен және Тбилвино экспортаушысымен 1,5 млн келісімге қол қойды.

Қарыз өнімді тұтынуды кеңейту, сапа және сақтау стандарттарын жақсарту бойынша Тбилвиноның 3 млн инвестициялық компаниясын қолдайды, сонымен қатар, өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылатады. Ол сондай-ақ Грузияға ауыл шаруашылық секторын дамытуға және өнім экспортын кеңейтуге көмектеседі.

"Тбилвиноның жаңа инвестициялық бағдарламасы біздің компанияға күн тәртібінде тұрған дамуды жүзеге асыруға болысады", - дейді Тбилвиноның атқарушы директоры Зураб Маргвеласшвили. - "IFC қолдауы - нақты бағдарламаның маңызды бөлігі және ол бізге жаңа нарықтарға шығуға көмек көрсетеді деп үміттенеміз. Жаңа капитал жұмсау біздің сапа бақылау жүйесіне жағымды әсер етеді, себебі жаңа өндірістік жабдық компания қуаттылығын арттырады, ол біздің шараптарға үнемі өсіп келе жатқан сұраныс жағдайында кәміл қажет".

IFC көмегінің арқасында, Какхети ауданындағы шарап жасайтын зауыт жүзімді жинау және сығу үшін жабдық жасайды, демек, ауылдық аудандарда жұмыс орындарын құрады. Грузияның шарап секторына IFC алғашқы инвестициялары да жеткізілімдер тізбегінің нәтижелілігін күшейтуге өз үлесін қосады және Какхети ауданының фермерлерінің табысын арттыруға болысады.

"Ауыл шаруашылығы - Грузиядағы экономикалық өсім мен жұмыс орындарын құрудағы жетекші сектор, себебі халықтың жартысынан артығы осында жұмыс істейді", - деді IFC Орталық және Батыс Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка бойынша директордың орынбасары Димитрис Тситсирагос. - "Біздің инвестициялаудың мақсаты - жүзімді күтіп-баптаудың ұзақ тарихы бар Грузияны қолдау, оның дәстүрлі жетекші маңызды экспорттауды күшейту және елдің осы саладағы бәсекелестік артықшылықтарын пайдалану".

2011 жылдың қыркүйегінде, Қытайдағы шарап ісі бойынша сыйлық тапсыру салтанатында Тбилвино күміс және қола медальдерге ие болды. Бүкіл әлемнің сатушылары мен қадірлеушілерін жинаған Конг-Конгтегі құрылтайда, 40 төреші құрамындағы қазылар алқасы 700 артық шарапқа баға берді. IFC 1995 жылдан бастап Грузияға жиынтық инвестициялары әр түрлі салалардағы 39 жобаға 550 млн құрады. IFC Грузиядағы шағын бизнесті дамытуды қаржылық қолдауға бағытталатын салық реформасын өңдеу бойынша кеңестік қызметтер көрсетеді. Сонымен қатар, өнімдерді сақтау стандарттарын жоғарылатуға және банк саласындағы басқарудағы тәуекелдерге бейімділікті күшейтуге көмек көрсетеді. Грузия 1995 жылдан бастан IFC мүшесі болып табылады.

Дерекнама: Халықаралық Қаржы Корпорациясы (IFC)

5 қазан 2011 | Просмотров: 173 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар