Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
GSM Kazakhstan/Kcell операторы және “Kaspi Bank” АҚ “Автотөлем” қызметін еңгізуде

31 қазан, 2011ж., Алматы - GSM Kazakhstan/Kcell мобильді байланыс операторы және жеке тұлғаларға қызмет көрсететін Қазақстанның ірі банктерінің бірі Kaspi Bank абонент уақытын үнемдей отырып ұялы байланыс теңгерімін қаржыны тікелей банктік шоттан аудару мүмкіндігін беретін "Автотөлем" қызметінің енгізілгенін хабарлайды.

Қазақстан нарығы үшін жаңа "Автотөлем" қызметін қазіргі уақытта "Kaspi Bank" АҚ кредит карталарын пайдаланушы Kcell, Activ және Vegaline абоненттері пайдалана алады. Осы қызмет артықшылықтары мобильді телефон теңгерімін онда 100 теңге немесе одан кем сома қалғанда автоматты түрде толтыру мүмкіндігі, төлемді терминалдар мен төлем карталары арқылы жүргізу қажеттігінің болмауы, сондай-ақ бір банктік шотқа бірнеше телефон нөмірлерін қосу мүмкіндігі болып табылады. Солай бола тұра қызмет тегін қосылады, транзакция комиссиялық ақысыз жүргізіледі. Оған қоса қызметке қосылған кезде абонент 100 бонустық минутқа ие болады*.

GSM Kazakhstan компаниясы абоненттердің уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін қызметтердің ауқымды желісін ендіруді жалғастыруда. Өткен жылы байланыс операторы "Онлайн төлем" қызметін енгізді, ол клиенттері арасында уақтылы болды әрі жоғары сұранысқа ие болды. Енді компания "Kaspi Bank" АҚ бірге "Автотөлем" қызметін ұсынуда, оның арқасында қызметке бір рет қосылған абоненттер ұялы телефондарындағы теңгерім қалпын уайымдамаса да болады. Жүйе теңгерімде 100 теңге немесе одан кем сома қалғанда оны автоматты түрде толтырып тұрады. "Қызметті бірлесіп енгізіп отырған алғашқы серіктесіміз болған Kaspi Bank. Біздің абоненттеріміздің осы қызметтің бар артықшылықтары мен қолайлылығын жоғары бағалайтынына сенімдіміз", - деп атап өтті Вейсел Арал, GSM Kazakhstan/Kcell компаниясының Бас Атқарушы Директоры.

Kcell компаниясының пайымдауынша, мобильді байланыс теңгерімін толтыру қызметтерін көрсететін түрлі ұйымдар мен делдалдарға комиссиялық төлем ретінде қазақстандықтар жыл сайын 50 миллионға жуық АҚШ долларын төлейді. Енді "Автотөлемге" қосылған "Kaspi Bank" АҚ кредит картасына ие абоненттер теңгерімдерін толтырғанда ешкімге ешқандай комиссия төлемейтін болады.

"Біз ұялы байланысқа төлем жасаудың ең ыңғайлы әрі тиімді жолын қарастыруды үлкен ықыласпен қолға алдық, - дейді "Kaspi Bank" АҚ Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе. - Біз Kcell-мен бірігіп Қазақстанда теңдесі жоқ "Автотөлемақы" деп аталатын жаңа қызмет түрін енгіздік. Енді ұялы байланыс ақысын төлегенде біздің клиенттеріміз бен Kcell абоненттеріне комиссия төлеп немесе терминал іздеп жүрудің қажеті жоқ. Осы қызметтің арқасында клиенттеріміз ақшасы мен уақытын үнемдеп қана қоймай, шұғыл қоңырау шалу керек кезде шотта ақша болмай қиналатын жағдайға тап болмайды. Біз балансыңызды ақысыз толтырып береміз. Нәтижесінде, kaspi bank-і мен Kcell клиенттері үнемі байланыста болып, туыстары мен жақындарына жиі әрі арзан хабарласа алады".

"Автотөлем" қызметін нөмірін жеке тұлға атына ресімдеген, серіктес банкпен келісімшарт жасасқан және/немесе банктің төлем карточкасының ұстаушысы қостыра алады. Қызметті қостыру үшін серіктес банктің кез келген бөлімшесіне хабарласу қажет. Қызмет тегін қосылады.

*Бонустық минуттар Қазақстан бойынша кез келген бағытқа қоңырау шалғанда жарамды

*Бонустық минуттардың әрекет ету мерзімі - "Автотөлем" қызметіне қосылу сәтінен бастап 30 күн.

*Бонустық минуттар роуминг барысында жарамсыз.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы

1 қараша 2011 | Просмотров: 103 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар