Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Юристер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Пікірлер
Қаржылық қолдау
Торқалы жыл қорытындысы бойынша “Сбербанк” АҚ ЕБ таза табысын екі есеге дейін дерлік ұлғайтты

2011 жылы "Сбербанк" АҚ ЕБ таза табысының өсімі 184% құрады - осы жылдың аяғына дейінгі Қазақстандағы еншілес банктің іс-әрекетінің болжамын қоса алғандағы жиынтық мәліметтер осылай дейді.Осы мәліметтерге сәйкес,банк қазақстандық ЕДБ арасында таза табыс көлемі бойынша төртінші (4), ал активтер көлемі бойыншажетінші (7) орынды берік иемденіп келеді. Торқалы жылдың ерекшеліктері жайында 2011 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан баспасөз-клубында "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасы Олег Смирновмәлім етті.

Оның пікірінше, "Сбербанк" АҚ ЕБ сенімді өсімді паш етіп, қаржылық институттың менеджментінің алдына қойылған мақсаттардан біршама басып озуда. Атап айтқанда,2011 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша, банк активтері 66,6% өсіп, 471,0 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалар салымдары 97,9%-ға өсіп, 318,0 млрд. теңгені құрады, ал жеке тұлғалардың салымдары 82,7%-ға өсіп, 61,9 млрд. теңгені құрады.Жеке капитал 47,2 млрд. теңгені құрады. Банктің таза табысы 5,6 млрд. теңгені құрады.

"Сбербанк" АҚ Қазақстандағы еншілес банкінің ұжымы үшін қазақстандық "еншілестің" жұмысын өзінің Астанаға таяудағы іс-сапары барысында "Ресей Сбербанкі" ААҚ президенті, басқарма төрағасы Г.Греф жоғары бағалағаны өте маңызды. "Біз өзіміздің Қазақстандағыдамуымыздыңекпіні менсапасына ризамыз - атап айтсақ, осы жылдың өзіндеактивтер көлемі бойынша еншілес банк 11 орыннан 7 орынға көтерілді, біз түгел дерлік қазақстандық ірі компаниялармен өте белсенді әріптестікорнатып, келесі жылы бөлшектік нарыққа бет алудамыз. "Сбербанк" ҚР-дағы өте ірі ойыншы болады деп ойлаймын" - деп атап өтті "Сбербанк" басшысы.

Өз кезегінде, "Сбербанк" АҚ Қазақстандағы ЕБ басқарма төрағасы Олег Смирнов назарды еншілес банкінің тек қаржылық жетістіктеріне ғана аудармауды ұсынды. "Мен бұл жылдыңЖинақбанкінің барлық жүйесі үшін мерейтойлы болғанын атап өткім келеді - деді "Сбербанк" АҚ ЕБ басқарма төрағасы, - Қазақстан да бұл тұрғыда қалыс қалған жоқ. Біздің бактің екі бірдей асулы кезеңдерін - негізгі құрылымның 170-жылдығы мен ҚР-дағы еншілес банктің бесжылдығын тойлай отырып, біздің топбірқатар маңызды,әріқоғамдық мәнге иеіс-шараларды іске асырып, айтарлықтай жетістіктерге жетті".

Дерекнама: "Сбербанк" АҚ ЕБ, Қазақстан баспасөз клубы

16 желтоқсан 2011 | Просмотров: 125 | Жаңалықтар » Күн тақырыбы | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар