Teliasonera "Қазақтелеком" АҚ-мен Kcell саудабелгісіменжұмысістейтін" GSM Қазақстан ААҚ "Қазақтелеком" ЖШС-тегі 49% көлемін дегіүлесін сатып алутуралы келісімжасасты. Мәміле сомасы 1,519 млрд. АҚШ доллары болды. Реттеуші органдармен бекітілуі тиіс мәміле 2012 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады деп күтілуде.
TeliaSonera сондай-ақ тараптардың белгілі бір шарттарды орындаған жағдайында қор нарығында алғаш орналастыру (IPO) жолымен 25% минус бір акция көлеміндегі топтаманы сатуға міндеттелді. Акцияларды алғаш орналастыру 2012 жылы өткізіледі деп күтілуде. Қор нарығында алғаш орналастырылғаннан кейін акция құнының қалай қалыптасатынына байланысты TeliaSonera, "Қазақтелеком" АҚ пайдасына қосымша төлем жасауы мүмкін.
Қазіргі уақытта "GSM Қазақстан ААҚ "Қазақтелеком"" ЖШС FinturHoldings (үлесі 51%) және "Қазақтелеком" АҚ-ға (үлесі 49%) тиесілі. FinturHoldingsB.V., өз кезегінде, TeliaSonera (үлесі 58,55%) және Turkcell (41,45%) қарамағында. Мәміленің екі кезеңі де аяқталғаннан кейін TeliaSonera-ныңKcell-дегі іс жүзіндегі қатысу үлесі 61,74% құрайды.
"Осы келісімді жасасу біз үшін маңызы ерекше кәсіпорындардағы үлесімізді арттыру жөніндегі стратегиямызды жүзеге асырудағы кезекті қадам болды. Осы мәміле арқылы TeliaSonera біздің басқарушылық және операциялық бақылауымыздағы Kcell компаниясындағы үлесін арттырады. Kcell Орталық Азиядағы Қазақсанның ең ірі нарығының айғақ көшбасшысы болып табылады және көптеген жылдар бойы елеулі түрде үздіксіз өсуде. Компания бөлігінің акцияларды алғаш орналастыру жолымен сатылатыны оны одан да бетер тартымды етпек", - деді Теро Кивисаари, TeliaSoneraEurasia Президенті.
TeliaSoneraAB осы деректерді Швецияның Қор нарығы туралы Заңына және/немесе Швецияның Қаржы құралдарымен жүргізілетін сауда туралы Заңына сәйкес ашады. Ақпарат басылымға 2011 жылдың 22-желтоқсанында Орталық Еуропа уақытымен сағат 08.30-да жолданды.
Дерекнама: TeliaSonera