DataLife Engine > Күн тақырыбы > FOX Business телеарнасы АҚШ-ның Қаржы Министрлігіне қарсы арыз жазды

FOX Business телеарнасы АҚШ-ның Қаржы Министрлігіне қарсы арыз жазды


21 желтоқсан 2008. : bizmedia

Американдындық телеарна FOX Business Network (FBN) АҚШ-ның Қаржы Министрлігіне қарсы арыз жазды. Сайттағы арнаның хабарлауы бойынша мекемені банкроттықтан сақтайтын фондтар туралы деректерді журналистердің пайдалануына мүмкіндік бермей, ақпаратты еркін пайдалану заңын бұзды.

Ақпаратты еркін пайдалану заңы 1967 жылдан бері пайдаланылып келеді. Федералды басқару органы өзінің ақпараттарын азаматтарға ұсынуды міндеттейді. Алғашқы сауал American International Group (AIG) және Bank of New York Mellon (FBN, қараша айында) компанияларына көмекке бөлінген фондтарды пайдалануға арналды. Желтоқсанның бірінші жұлдызындағы тағы бір сауалында Citigroup компаниясының көмегі сөз етілді. FOX News-тың вице-президент міндетін атқарушы, қазір FBN оперативті басқаруға жауапты Кевин Мэги (Kevin Magee): "Қаржы министрлігі өзгеріссіз қиын жағдайдағы компанияларға бөлінген көмек туралы ақпаратты қолдану жөніндегі біздің сауалымызды елемеді. Өзгермелі кезеңде жемқорлықтың өсуі мен экономикалық крезисте біз жаңалыққа толы ұйымбыз. Басқарма қызметін қадағалауды дұрыс деп есептейміз".

Lenta.ru