DataLife Engine > Күн тақырыбы > Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады


27 наурыз 2009. : bizmedia

Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау жөніндегі Үкіметтің, ұлттық холдингтер мен әкімдіктердің жұмысы туралы есеп берді.

Кездесу барысында Президент Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасының әрбір бағыты бойынша - қаржы секторына, құрылыс саласына, шағын және орта бизнеске, агроөнеркәсіп кешеніне қолдау білдіру, сондай-ақ инновациялық-индустриялық даму бойынша қызығушылық танытты.

- Біз үшін барлық жоспарларды қайта қарау және Қазақстанға дағдарыстан кейінгі кезеңде керектілерін таңдап алатын кезең басталды, - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Әңгіме барысында Премьер-Министр сондай-ақ бөлінген ресурстардың ақырғы тұтынушыға қалай жетіп жатқаны туралы және тұқым себу науқанының барысы туралы баян етті.

- Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыру, индустриялық секторды дамыту үдерісін жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осыған байланысты Президент нұсқауларын орындау бойынша Индустрия және сауда министрлігінің рөлін күшейту міндеті қойылып отыр, - деді К.Мәсімов.

Дерекнама: ҚР Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/www/www_akorda_kz.nsf/news-open?OpenForm&idn=2&idno=8F52C07115240705062575860007A9D5&lang=kz