DataLife Engine > Күн тақырыбы > GSM Қазақстан/Kcell компаниясы өз қызметінің 10 жылдығына орай жаңартылған
GSM Қазақстан/Kcell компаниясы өз қызметінің 10 жылдығына орай жаңартылған16 сәуір 2009. : bizmedia |
|
Бүгін Қазақстандағы жетекші ұялы оператор GSM Қазақстан/Kcell компаниясы Kcell корпоративті брендінің жаңа көрнекі бейнесін жария етті. Брендтің жаңартылуы компания тарихындағы маңызды оқиғаға - онжылдықтың тойлануына арналған және компанияның Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы көшбасшылығын нығайтуға байланысты стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Компанияның жаңа бренді Kcell-дің корпоративті құндылықтарын: озаттылық, сенімділік, икемділік, әлеуметтік жауапкершілік және елдің ажырамас бөлігі болуға ұдайы талпынысты көрсетеді. Жаңартылған Kcell логотипі, сонымен қатар, қазіргі заманға сай қанық күлгін түсті тас таңбасындағы жаңа белгісін қамтиды. "Kcell жаңартылған брендінің айналымға шығуы біздің компанияның тарихындағы жаңа тарауды - Қазақстандағы қызметіміздің екінші онжылдығын ашады. Брендтің жетілдірілген, жаңартылған бейнесі және оның символы біздің заманауи қызметімізді, Қазақстандағы ең жаңа мобильді технологияларды енгізудегі бастамашы ролімізді, сондай-ақ біздің жергілікті тамырларымызды және Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін сыйлауымызды көрсетеді. Kcell компаниясының жаңа логотипі - бұл қанық күлгін түсті тас. Күлгін түс күш береді, жігерлендіреді. Ол біздің сауда белгімізді болашаққа жетелейтін жігер мен қозғалысқа бейімділікті бейнелейді" - деді GSM Қазақстан/Kcell компаниясының бас атқарушы директоры Вейсел Арал. |