DataLife Engine > Күн тақырыбы > БАҚ өз-өзiн реттей алады ма?

БАҚ өз-өзiн реттей алады ма?


3 қазан 2009. : bizmedia

smi

Осы бiр жағынан қарапайым сұраққа "Қазақстандағы БАҚ өз-өзiн реттеуi" тақырыбында өткен дөнгелек үстелге қатысушылар жауап іздедi. Шараны Қазақстан - Сорос Қорының қолдауымен қарағандылық "MEDIALIFE" Қоғамдық Қоры ұйымдастырды. Бұл шара "Қазақстандағы журналистикаға - сөз еркiндiгiнiң халықаралық стандарттары!" атты жобасын жүзеге асыру аясында өттi.

2008 жылы "Интерньюс Қазақстан" қызықты зерттеу жургiздi, ол зерттеу бойынша БАҚ қызықтырушылығы шамамен 33,5%, сатылымы - 17,8%, әділеттiлiк пен парасаттылығы - 11,6%, тәуелсiздiгi - 10,5% құрайды.

Осы және басқа да зерттеулерден халықтың журналистiк ортаға бiрiншiден, iскери және мейiрiммен қарайтындығы, екiншiден ұлттық төзiмдiлiк деңгейiнiң биiктiгi орын алатындығы байқалды.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде талқылауға түскен басқа да бiрқатар мәселелер де болды. Бiрiншiсi - бұл кадрлар даярлау. Жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мамандар деңгейiнiң төмендiгi туралы ойларымен бөлiстi. Ең басты себеп, бәлкiм, өздерiнде болуы керек. Бүгiнде жоғарғы оқу орындарында журналистикада жеткiлiктi кәсiби тәжiрибесi бар оқытушылардын пайзы өте аз. Шағын жеке жоғарғы оқу орындарын қоя тұрып, бас жоғарғы оқу орындарының өзiнде әдiстемелер мен оқулыктар жок. Төлесе болды, барлығын оқытып шығарады. Ал қалай және не үшiн деген сауалдар - тек кейбiреуiн ғана мазалайды.

Жас журналистер бiлiм тапшылығын сезiп, тәжiрибелi журналистермен әңгiмелесе алатын, олардан ақыл -кеңес ала алатын әр- түрлi тренингтерге қатысады. Айта кетсек, "BizMedia" Iскер Журналистика Орталығы" Қоғамдық Қоры үнемi тренингтер өткiзiп отырады, қазiргi таңда осы мақсатта кiтапша шығаруды жоспарлап отыр. Тренингтер бизнес-журналистердi даярлауға бағытталған. Мен өз басым Тәжiкстанда "Интерньюс Европа" қолдауымен жақында өткен тренингтен үлкен ләззат алдым. Өткенде CNN журналuсi Магда Волтермен жұптасып жұмыс iстеу өте қолайлы және тренингтi өткiзу құрылымының өзi қызықты болды.

Сонымен бiздiң БАҚ өз- өзiн реттей алады ма? Бұл сауалға жауап беру үшiн бәрiмiз бiр ғана жыл емес, бiрнеше жыл бас қатыруымыз керек. Бұл бiрiншiден. Екiншiден, кәсiби журналистер қызметiн қорғайтын "БАҚ туралы" заңды дайындауды қолға алу керек. Үшiншiден, негiзгi принциптерi бар және солар бойынша әлемдегi журналистердiң барлығы жұмыс атқаратын кәсiби этика Кодексiн даярлау қажет. Мен "қуырылған", "тұздалғанды" қаламайтын, ақпараттық "денсаулыққа" керi әсерi жоқ адекватты журналистердi есепке алып отырмын. Бiздiң ақпараттық кеңiстiк жеткiр және жоғары кәсiби БАҚ-нан емес, мемлекет, партиялар түрiндегi олардың иелерiнен тұрады. Сол себептен БАҚ көп жағдайда ықпал өрiсi үшiн күрестiң құралы ретiнде қолданады, ал қоғам мүддесi жоққа шығарылады. Отандық журналистиканың шынайы жағдайын бiле тұра, мен дөңгелек үстелден Қазақстандық БАҚ өз- өзiн реттеуi мүмкiн бе деген үлкен күмәнмен қайттым.

Бiрде ұлы Константин Станиславский студенттерiнен: "Құстың ұшуы неден басталады?" деп сұраған екен. Бiреуi - ұшардағы екпiннен, тағы бiреуi құстың қанатын жайюынан дептi. Сонда Станиславский: "Ұшу - құстың тәкәппар болуынан басталады" деп жауап берiптi. Бұл бiр күннiн тарихын тудыратын журналистерге де қатысы бар. Олар өздерiн және мамандықтарын мақтан тұтатын деңгейге жеткенде, қоғамнын да оларға деген көзқарасы түбегейлi өзгермек. Сонда ғана өз-өзiн реттеу туралы өзiн бақылау және жауапкершiлiк бөлiгi деп айтуға болады.


Бахытжан Жумалиева, журналист, бизнес-тренер.