DataLife Engine > Күн тақырыбы > ҚМЭБИ студенттері “ЭксонМобил Қазақстан” компаниясынан сыйлыққа жаңа медиа-орталық алады
ҚМЭБИ студенттері “ЭксонМобил Қазақстан” компаниясынан сыйлыққа жаңа медиа-орталық алады27 қазан 2009. : bizmedia |
|
Алматы, Қазақстан - Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институтында (ҚМЭБИ) "ЭксонМобил медиа-орталығы" деп аталатын мультимедиа өнімдері өндірісіне арналған жаңа заманауи үлгідегі орталық ашылды.
"ЭксонМобил білімге салынған инвестициялар қоғамның барлық мүшелеріне терең де ұзақмерзімді пайдасын тигізеді, және әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылады деп сенеді," - 27 қазан күні медиа-орталықтың салтанатты ашылу рәсімінде "ЭксонМобил" компаниясының әлеуметпен байланыстар жөніндегі кеңесшісі Гүлнар Нұғман атап өтті. - "ҚМЭБИ-дегі "ЭксонМобил Медиа-орталығы" студенттердің Қазақстан қоғамына қосар үлесі мол болуы үшін олардың журналистика және медиа саласындағы дағдыларын жетілдіруге мүмкіншілік туғызады". Сонымен қатар жаңа медиа-орталық ҚМЭБИ-дің "ЭксонМобил" компаниясымен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді. "Мен ҚМЭБИ-ге көрсеткен қолдауы үшін "ЭксонМобил" компаниясына өзімнің аса зор құрметімді білдіремін", - деп мәлімдеді ҚМЭБИ Президенті д-р Чан Йан Бэнг. - "Бұл біздің студенттеріміздің пайдасына қызмет ететін ҚМЭБИ-дің материалдық-техникалық базасына қосылған өте маңызды үлес болып табылады". Жаңа медиа орталық Орталық Азияның барлық елдерінен практик-журналистерді даярлаудағы халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен, Азиялық-Тынық мұхиттық Телерадио Хабарларын Таратуды Дамыту Институтының қолдауымен 2010 жылы ақпан айында мұнда экологиялық мәселелерді жарыққа шығаруға арналған Орталық Азия тележурналистерінің семинары өткізілмек. |