DataLife Engine > Күн тақырыбы > «АТФБанк»

«АТФБанк»


20 қараша 2009. : bizmedia

Алматы, Қазақстан, 2009 жылғы 17 қараша - IFC, Дүниежүзілік банк Тобының мүшесі, Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қаржыландыру мүмкіндігін аттыру үшін 60 миллион АҚШ доллары мөлшеріндесубординацияланған кредит ұсыну арқылы "АТФБанк" АҚ капиталына ұзақ мерзімді қолдау көрсетеді.

IFC инвестициялары қазақстандық шағын және орта кәсіпорындар үшін, елдегі қаржы ресурстарының шектеулілігі ғаламдық қаржы дағдарысы шарттарында банктік қызметтер мен қаржы өнімдеріне қолжетімдікті арттыруға ықпал жасайды. Бұл инвестициялар банке көлемін ұлғайтуға және қаржыландыру көздерін диверсификациялауға, сонымен қатар активтер және пассивтерді басқаруды жақсартуға көмектеседі. АТФБанк UniCredit Group-тың еншілес банкі болып табылады.

"АТФБанк" АҚ Басқарма Төрағасы Александр Пикер: "Біз IFC ынтымақтастықта болғанымызға ризашылығымызды білдіреміз", "IFC кредиті біздің жергілікті кәсіпорындарға көрсетер қолдауымызды арттырады және біздің Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы позициямызды нығайтады" - деп атап өтті.

Эдвард Строудерман, Оңтүстік Еуропадағы және Орталық Азиядағы қаржы нарығы бойынша аға менеджер: "UniCredit Group аймақтағы IFC-тің негізгі серіктесі болып табылады және біз оның еншілес ұйымы - АТФБанкпен, оның капиталына қолдау көрсету және қаржыландыру мүмкіндігін жақсарту мақсатында ризашылықпен ынтымақтастық құрамыз, ол дегеніміз жеке сектордың өсуі және Қазақстанда жұмыс орындарын құру үшін негіз болып табылады. Бұл жоба, сонымен қатар қаржы институттарына үздіксіз қолдау көрсетеді".

Дерекнама: Халықаралық Қаржы Корпорациясы