DataLife Engine > Күн тақырыбы > ҚАЗАҚМЫС ПЛС МЕН “САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” АҚ ЕКІБАСТҰЗДЫҢ ГРЭС-1 СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАТЫСУ ҮЛЕСІН 50 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН
ҚАЗАҚМЫС ПЛС МЕН “САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” АҚ ЕКІБАСТҰЗДЫҢ ГРЭС-1 СТАНЦИЯСЫНДАҒЫ ҚАТЫСУ ҮЛЕСІН 50 ПАЙЫЗҒА ДЕЙІН11 желтоқсан 2009. : bizmedia |
|
Қазақмыс Тобы ("Қазақмыс ПЛС") Екібастұздың ГРЭС-1 станциясына бірлесіп иелік етуге қатысты "Самұрық-Қазына" АҚ-мен жаңаша келісімге қол жеткізгендігін хабарлап отыр. Жасалған келісімге сәйкес Қазақмыс Тобы "Самұрық-Қазына" АҚ-на ЕГРЭС-1 жарғылық капиталында бұрын хабарлаған 25 пайыздық қатысу үлесінің орнына 50 пайызын сатып отыр. Тиісінше, мәміленің сомасы 339 млн.АҚШ долларынан 681 млн.АҚШ долларына дейін артады. Бұл мәміле реттеуші органдардың тарапынан және Қазақмыс Тобы акционерлер жиналысымен келісілуге және мақұлдануға жатқызылады. Ол 2009 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.Тараптар бірлескен Қадағалаушы кеңес құру туралы, сондай-ақ Қазақмыс Тобы мен "Самұрық-Қазына" арасындағы операциялық басқарудың алмасуы туралы келісті. Бастапқы бес жылда электр станциясын Қазақмыс Тобының менеджерлері басқаратын болады. |