"АӨҚО Рейтинг агенттігі" (АӨҚО РА) АҚ Қазақстан қор биржасының (KASE) Листинг комиссиясында мойындау рәсімінен өтті, сондай-ақ олардың рейтингілік бағаларын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік мойындайтын агенттіктердің тізбесіне енгізілді. Бұл туралы бүгін Қазақстандық баспасөз клубында өткен арнайы баспасөз мәжілісінде хабарланды.
Белгілі болғандай, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, жаңадан шығарылатын барлық борыштық бағалы қағаздар KASE ресми тізіміне енгізілу үшін рейтингілік бағаға ие болу тиіс. Несиелік рейтингілер борыштық бағалы қағаздардың және олардың эмитенттерінің листингілік талаптарға сәйкестігінің өлшемдерінің бірі ретінде болу тиіс.
Жаңа оқылымдағы KASE листингілік ережелерімен сондай-ақ рейтинг агенттіктеріне бірқатар талаптар айқындалған, олардың бағалары листингілік рәсімдер кезінде ескерілетін болады. Атап айтқанда, аталған ережелерге сәйкес, KASE АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі Уәкілетті органның нормативтік кесімімен айқындалған рейтинг агенттіктерінің рейтингілік бағаларын мойындайды.
Бұрын рейтингілік бағаларын АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі агенттік мойындайтын рейтинг агенттіктерінің тізбесіне үш халықаралық агенттік: Moody's Investors Service, Standard & Poor's және Fitch енгізілген болатын. Сондықтан, АӨҚО АРД төрағасының орынбасары Шыңғыс Қанапияновтың пікірі бойынша, аталған оқиға Қазақстандық рейтингілер беру жүйесін дамытудың жаңа сатысын ашады.
Сонымен қатар, баспасөз мәжілісіне қатысушылар үстіміздегі жылы АӨҚО РА акционерлерінің қатарына National Business брендімен белгілі Zertteu DC Group компаниясы кіргенін хабарлады. Zertteu DC Group компаниясының АӨҚО РА акционерлер құрамына кіруі аталған компанияның салалық талдампаздық, Қазақстан нарығын зерттеу және рейтингілер беру саласындағы айтарлықтай тәжірибесінен туындап отыр. "АӨҚО РА" АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Айгүл Тасболат атап өткендей, "Zertteu DC Group компаниясының АӨҚО РА акционерлерінің құрамына кіруі агенттіктің объективтілігінің және тәуелсіздігінің жоғарылауына жәрдемдесетін болады".
Өз кезегінде, Zertteu DC Group басқарушы серіктесі Арман Идрисов АӨҚО РА жаңа акционері ретінде, компания агенттікті тек ілгерілету және Қазақстандық инвесторлардың алдындағы беделін күшейту тұрғысынан дамытуды жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар АӨҚО РА рейтингілерін Қазақстанның инвестициялық ортасындағы бағдарға және шетелдік инвесторлардың due diligence жүргізуінің маңызды бөлігіне айналдыруға ниетті екенін атап өтті.
"Отандық компаниялар банктерден кез келген мақсаттарға ұзақ әрі біршама арзан қаражат тарта алатын кезең ең алдымен шикізаттық емес нарықтардың ойыншылары үшін аяқталды. Сонымен қатар, жаңа сатыда ағымдағы дағдарыстың, РФ, БР арадағы кедендік одақтың және т.б. мүмкіншіліктерін пайдалану үшін шетелдік капиталды тарта алатын компаниялар табысты болмақ, - деп атап өтті ол. - Біздің компанияларымыздың мүмкіншіліктерін біріктіргенде, біз Қазақстанда шикізаттық емес бизнесті дамытуға соншалық қажет оң серпін бере аламыз деп топшылаймын".
Дерекнама: Қазақстандық баспасөз клубы