DataLife Engine > Күн тақырыбы > Қазақстанда тұңғыш рет абоненттің дербес шотын басқару мен бақылау жүйесі WAP-нұсқада қолжетімді болды

Қазақстанда тұңғыш рет абоненттің дербес шотын басқару мен бақылау жүйесі WAP-нұсқада қолжетімді болды


1 ақпан 2010. : bizmedia

1 ақпан 2010 ж., Алматы. Ұялы байланыстың жетекші операторы GSM Қазақстан/Kcell компаниясы Activ абоненттеріне арналған "Абонент Қызметінің Интернет Жүйесі" қызметінің WAP-нұсқасын іске қосты.

АҚИЖ WAP-нұсқасының басты артықшылығы оның жинақылығы мен абоненттерге әрдайым қолжетімділігінде. Ендігі таңда абонент өз балансын GPRS қолдайтын мобильді телефонның көмегімен-ақ басқара алады.

Бұл қызметтің көмегімен Activ абоненттері GSM Қазақстан желісінің қызмет атқаратын кеңістігіндегі кез-келген жерінен шотының жағдайы, ағымдағы теңгерімі, тарифі мен жұмыс істеу мерзімі жайлы ақпаратты алып, бұл жүйеге соңғы кірген уақытын біліп, тарифтік жоспардың ауысуын іске асыра алады.

Бұл қызметті пайдалану үшін Activ абоненттері
wap.ics.activ.kz сайтына кіріп, 245 нөміріне sms жіберіп, пароль алуы қажет, содан соң оны www.activ.kz сайтында қолжетімді болатын бұл қызметтің Internet нұсқасында да қолдануға болады. АҚИЖ WAP көмегімен абоненттерге 3 тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетіледі. Сонымен бірге барлық ақпарат ақысыз негізде ұсынылып, тек интернет-трафиктің құны ғана төленеді.

GSM Қазақстан/Kcell компаниясының корпоративті коммуникациялар жөніндегі директоры Аида Досаева АҚИЖ WAP іске қосылуы Activ абоненттерінің барлығы үшін ағымдағы қызметтер мен тарифтер жайлы ақпаратты алу үдерісін жеңіл, жылдам және ыңғайлы ететін қолайлы механизм болатындығына сенімді.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы