DataLife Engine > Күн тақырыбы > ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ 2010 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫНЫҢ 2010 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ4 наурыз 2010. : bizmedia |
|
Көптеген елдердің 2008-2009 жылдары қабылдаған бұрын-соңды болмаған дағдарысқа қарсы шараларының арқасында әлемдік экономика ғаламдық дағдарыстан туындаған рецессиядан шыға бастады. Жақын жылдары, әсіресе, 2010 жылы дағдарысқа қарсы шараларды аяқтау жөніндегі "шығу стратегиясын" іске асыру дамыған елдердің де, дамушы елдердің мемлекеттік органдарының алдында тұратын негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл ретте осы бағдарламаларды аяқтау үшін оңтайлы сәтті айқындау айтарлықтай күрделі міндет болып табылады. |