DataLife Engine > Күн тақырыбы > ӘЛЕУМЕТТІК-ҚАРЖЫЛЫҚ ТОК-ШОУ ФОРМАТЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ТЕЛЕЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМІ ЖАЛҒАСТЫРЫЛАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК-ҚАРЖЫЛЫҚ ТОК-ШОУ ФОРМАТЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ТЕЛЕЖОБАСЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМІ ЖАЛҒАСТЫРЫЛАДЫ


19 наурыз 2010. : bizmedia

2010 ж. 18 наурызда "Хабар" телеарнасында "Ваш выход" әлеуметтік-қаржылық ток-шоуын көрсету жалғастырылады. Жоба Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (АӨҚО ҚРА) 2007-2011 жж. ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын көтеру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.


Аталған телевизиялық жобаны АӨҚО ҚРА 2009 жылдың мамырында іске қосқан болатын. Бағдарлама мақсаты - қаржы саласында түрлі жағдайларға тап болған қазақстандықтарға көмектесу, тығырықтан шығудың жолдарын, шешімдерін іздестіру және қажетті кәсіби ақпараттарды ұсыну. Бағдарлама нарықтың барлық қаржылық секторларына: банктік, зейнетақылық, сақтандыру, сондай-ақ, құнды қағаздар нарығына қатысты кең ауқымды мәселелерді қозғайды. Ток-шоуға шынайы оқиғаны бастан өткерген кейіпкерлер, сарапшылар, талдаушылар және психологтар қатысады.


2009 жылы төмендегідей тақырыптармен барлығы 30 хабар жарық көрді. Олар: "Зейнетақы жинақтары", "Дағдарыс кезіндегі алаяқтық", "Автосақтандыру", "Тұтынушылық несиелер", "Исламдық қаржыландырулар", "Банктік карточкалар", "Мемлекеттік қызметкерлерге арналған құнды қағаздар", "Отбасылық бюджет", "Акциялар және халық", "Банктік жүйеге сенім", "Өмірді сақтандыру" және басқа.


Биылғы жылы да қаржылық құралдар мен қызметтерге, жеке қаржы мен инвестицияны басқаруға қатысты, қарапайым халықты толғандыратын ең қызықты тақырыптар жоспарланған.


Жаңа маусымда көрермен аудиториясын көбірек қамту мақсатында бағдарламаның эфирдегі уақыты өзгертілді. Ендігі жерде "Ваш выход" ток-шоуы "Хабар" телеарнасында апта сайын бейсенбі күні сағат 19:30-да көрсетіліп, жексенбі күні сағат 14:40-та қайталанатын болады. Ток-шоу орыс тілінде, жүгіртпе жолда мемлекеттік тілдегі аудармасымен көрсетіледі.


Алғашқы бағдарламаның тақырыбы үлестік инвестициялық қорға (ҮИҚ) арналды. Қатысушылар мен көрермендер студияда үлестік инвестициялық қордың мән-жайын ұғынуға тырысып, инвестициялаудың аталған түріндегі артықшылықтар мен тәуекелдері туралы сұрақтарға және "биыл инвесторға ҮИҚ-тарға ақша салу тиімді таңдау болып табыла ма?" деген сауалдарға жауап береді.


Сондай-ақ, жақын уақыттағы хабарларда мынадай тақырыптар қамтылмақ:

- Қор нарығы жөнінде: ҮИҚ-лар туралы немесе үлесті қалай алуға болатыны туралы аңыздар

- Төленбеген несиелер

- Несиелер - қолдау немесе қарсы болу

- Отбасылық бюджет - өзіңнің жеке қаржылық жоспарыңды немесе "Баю амалдарының бюджетін" қалай құру керек

- Электорндық төлемдер

- Өз ЖЗҚ-ыңды қалай таңдауың керек

- Міндетті емес сақтандыру міндетті ме?

- Тұтынушының ойы - оны қалай өзгертуге болады?

- Акцияларды қалай сатып алуға болады?

- Инвестициялау тәжірибесі (тәжірибелі инвестор өз басынан өткен оқиғаны әңгімелейді)


"Ваш выход" ток-шоуы көрермендерінің 8-800-080-0177 тегін телефон желісіне қоңырау шалып, бағдарлама тақырыптары бойынша өз ұсыныстарын білдірулеріне мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, 12 наурыздан бері АӨҚО ҚРА көмегімен жасалған "Инвестируй с нами" атты 5 минуттық жаңа айдар көрсетіле бастады ("Хабар" ТРК "Экономика сегодня" хабары). Хабар эфирге жұма күндері сағат 22:40-та шығады. Айдардың қазақша нұсқасы "Бірге инвестициялайық" сенбі күндері сағ. 15:00-де көрсетіледі.


Айдардың мақсаты - жұртшылықты инвестицияның қолданыстағы түрлерінен және олардың артықшылықтарынан хабардар ету, өз жеке капиталына талдау жасауға және оны инвестициялау мүмкіндіктерін пайдалануға үйрету. Әрбір бағдарламада банктегі депозит, компания акциялары, ҮИҚ-дағы үлес секілді қаржылық құралдардың (100 мың теңге көлемінде) табыстылығы қарастырылатын болады.


24 наурыздан бастап АӨҚО ҚРА көмегімен құрылған 5 минуттық жаңа оқыту айдарын ("Хабар" ТРК "Бизнес мекен" хабары) іске қосу жоспарлануда. Бағдарлама сәрсенбіде - сағат 7:00-ден бастап 11:00-ге дейін 3 рет орыс тілінде, бейсенбіде - сағат 7:00-ден 11:00-ге дейін қазақ тілінде шығарылатын болады.

Айдар мақсаты - қаржылық сауаттылықтың негіздеріне, инвестициялаудың қолданыстағы құралдарын дұрыс пайдалануға, жеке қаржы-қаражатты көбейту және сақтауға үйрету. Әр бағдарламада жаңағыдай және басқа да қаржылық құралдар туралы сюжеттер көрсетіліп, сонымен бірге, оны пайдаланудың кезеңді процедуралары түсіндіріліп отырады.

Дерекнама: Қазақстан Баспасөз клубы