DataLife Engine > Күн тақырыбы > АДБ әртараптандыру саясатын жүргізу қажеттілігін атап өтуде

АДБ әртараптандыру саясатын жүргізу қажеттілігін атап өтуде


14 сәуір 2010. : bizmedia

2010ж., 13 сәуір, Қазақстан, Алматы қ. "2009 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстан ІЖӨ-і қысқарғанымен, Қазақстан экономикасы аздаған болса да, жағымды өсім байқатты" деп көрсетілген Азия даму банкі (АДБ) негізгі баяндамасында.

Бүгін таныстырылған "2010 жылғы Азия дамуына шолуда" Қазақстанның 2009 жылғы экономика өсімі 1,2% құрағаны атап өтілген. Өнеркәсіп өсімі (құрылыс саласын қоспағанда) 1,8%-ды құрап, ауылшаруашылық 13,8% өсімді байқатып отыр. Банк саласындағы дағдарыстың елеулі салдарының бірі ішкі нарықтағы сұраныстың қысқаруы болып табылды.

"Қазақстан Үкіметі дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыра отырып, банк және шынайы сектордағы мәселелерге уақтылы және дұрыс жауап қайтарды", - дейді Қазақстандағы АДБ-і тұрақты өкілеттігі Директоры Гуангуи Ли. - "Сондай-ақ, 2009 жылғы ақпандағы теңге құнсыздануы жағдайдың жалпы түзелуіне ықпал етті. Нәтижесінде қазақстандық валютаға қатысты алыпсатарлық қысым төмендеп, теңге бағамы долларға шаққанда салыстырмалы түрде тұрақты болып, мемлекеттің сыртқы қорлары сақталды".

Әлемдік экономиканың қалыпқа келуін есепке алғанда, 2010 жылғы шолуда Қазақстандағы болжанған экономикалық өсім 2010 жылы 2,5% шамасында, ал 2011 жылы 3,5%-ды құрайды деп атап өтілген. Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайға байланысты құрылыс саласы қиындықтарға кезігіп отырады деп болжануда. Алайда, инфрақұрылым мен мұнай-газ секторына инвестициялардың кеңеюі арқылы жалпы бірқалыпты экономикалық өсім мүмкін болмақ.

"2010 жылы фискалды кеңістік шектеулі қалыпта қалғанымен, Үкімет әлеуметтік шығындар мен инфрақұрылымға инвестициялау жоғары деңгейін сақтап қалу мақсатында фискалды саясат шараларын жүзеге асыратын көрінеді", - дейді Өзбекстандағы АДБ экономисі Киоши Танигучи. - "Әлемдік экономиканың қалыпқа келе бастауымен мұнайдың жоғарғы бағасына байланысты экспорт пен мұнайдан өзге экспорт өсімінің ұлғаюы арқылы ағымдағы операциялар шот сальдосы 2010 және 2011 жылдары жағымды болады деп күтілуде".

Штаб-пәтері Манила қаласында орналасқан Азия Даму Банкі қызметі барлығын қамтушы экономикалық өсім, тұрақты экологиялық даму мен аймақтық интеграция арқылы Азия-Тынық мұхит аймағындағы кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған. Банк 1996 жылы негізі қаланған. Бүгінгі күні 67 мемлекет АДБ мүшесі болып табылады. Олардың 48-і - Азия-Тынық мұхит аймағынан. 2009 жылы АДБ 13,2 млрд. АҚШ долларының қарызға, 1,1 млрд. АҚШ долларын гранттық жобаларға, 267 млн. АҚШ долларын техникалық көмек көрсетуге бөлінуін мақұлдады.

2010 жылғы Азия дамуына шолудың толық нұсқасын АДБ-нің
www.adb.org сайтынан көруге болады.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы