DataLife Engine > Күн тақырыбы > Beeline Қазақстанда 4G-мен таныстырды

Beeline Қазақстанда 4G-мен таныстырды


26 сәуір 2010. : bizmedia

Астана. 2010 жылдың 23 сәуірі. "ВымпелКом" компаниясы тобына енетін, Қазақстанда Beeline сауда белгісімен байланыс қызметін ұсынушы "КаР-Тел" ЖШС Қазақстанның екі ірі қаласы: Алматы мен Астанада 777-787 МГц/746-756 МГц кеңістігінің 13-ші толқынында LTE (Long Term Evolution) технологиясы базасында 4G стандартының байланыс тестін сәтті өткізгені жөнінде хабарлайды. Жабдықты жеткізуші Alcatel-Lucent (Euronext Paris и NYSE: ALU) компаниясы болды.

LTE технологиясы үшінші және екінші ұрпақ ұялы байланыс желісі эволюциясының негізгі бағыты болып табылады. LTE базалық станциядан пайдаланушыға мәліметтерді жеткізуде 326,4 Мбит/с, кері бағытта секундына 172,8 Мбит теориялық жылдамдықпен қамтамасыз етеді.

Оператордың көзқарасынша LTE технологиясын игеру жабдықтың өнімділігінің, қамту аймағының, клиенттерге қызмет көрсету сапасының артуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, LTE жаңа мүмкіндіктерінің арқасында радиожиіліктік ресурстарды пайдаланып контент беріп, ТВ, радио және басқа да медиамен бәсекелесе алатын болады.

2G және 3G желілерінің пайдаланушылары өз кезегінде жаңа ұрпақ байланысы қызметтеріне көшу арқылы айтарлықтай жоғары жылдамдықты желісіз Интернетке қол жеткізіп қана қоймайды, мультимедиялық қосымшалардың бірмезетті ашылуын, дербес медиа-сервис т.б. қызметтердің іркіліссіз жұмысын бағалау мүмкіндігіне ие болады.

"Біз посткеңестік кеңістікте LTE технологиясы негізінде төртінші санаттағы байланысты сәтті сынақтан өткізуді жүзеге асырып, телекоммуникация саласында жаңа мүмкіндіктерін көрсеткен алғашқы компания болғанымызға қуаныштымыз. Біздің компания үшін бұл өте маңызды қадам, себебі Интернетке тұрақты және мобильді түрде кеңжолақты кіру компанияның стратегиялық бағыты болып табылады. Компанияның осы бастамасына бірінші болып Қазақстанның байланыс саласындағы өкілетті органы қолдау көрсеткені де қуантарлық жайт. Енді осы елдің тәжірибесі 4G желілерін тарату мақсатында "ВымпелКом" компаниясы қамтыған басқа да елдерде пайдаланылады", - деді "ВымпелКом" ААҚ-нің ТМД елдерінде бизнесті дамыту жөніндегі Вице-президенті Дмитрий Кромский.

"ВымпелКом" компаниясымен біз бұрыннан бері серіктестік қарым қатынастамыз. Ықпалдастық кезінде көптеген бірлескен жобалар іске асырылды, бірақ олардың қатарында 4G желілерінің мүмкіндіктерін көрсету бастамасы ерекше. Beeline-нің кәсіби командасымен біз бірлесіп тапсырыс беруші, бұқаралық абоненттер және экономиканың түрлі салаларындағы корпоративтік клиенттер мен қоғамдық бірлестіктердің игілігіне заманауи қызметтерді енгізу арқылы жаңа санаттағы ақпараттық қоғам құру ортақ мақсатымызға жету жолына түстік", - дейді "Alcatel-Lucent" компаниясының ТМД елдеріндегі Вице-президенті Александр Тихонов.

2009 жылдың қазан айында "КаР-Тел" ЖШС-і Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі тарапынан LTE технологиясы негізінде ғимараттар ішінде 4G стандарты байланысын көрсету зоналарын құруға рұқсат алған болатын. Alcatel-Lucent компаниясымен ықпалдастығы арқасында сынақ аймақтары Алматы қаласында, ашық сату кеңсесі мен Астананың бизнес орталығында ашылды.

* Екінші ұрпақты 2G желілері теория жүзінде GPRS технологиясы негізінде деректерді тасымалдаудың ең жоғарғы жылдамдығы секундына 56-114 Кбит шамасын құрайды, ал EDGE технологиясы негізінде секундына 473,6 Кбит құрайды. Коммерциялық пайдалануға енгізілгеннен кейін үшінші ұрпақты 3G желілерінде теориялық тұрғыда деректерді тасымалдаудың секундына 28 Мбит жылдамдығы қол жетімді.

Дерекнама: "КаР-Тел" ЖШС-і