DataLife Engine > Күн тақырыбы > Қазақмыс Тобы «Jinchuan Group Ltd» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын хабарлайды

Қазақмыс Тобы «Jinchuan Group Ltd» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын хабарлайды


29 сәуір 2010. : bizmedia

ҚАЗАҚМЫС СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСІМЕН БІРГЕ АҚТОҒАЙ КЕН ОРНЫН ИГЕРУ ЖӨНІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақмыс Тобы "Jinchuan Group Ltd" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғандығын хабарлайды. Серіктестер Қазақстан Республикасындағы Ақтоғай кен орнында мыс өндіру жөніндегі Топтың аса ірі ауқымдағы жобасын игеру бойынша бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр. "Jinchuan" осы жобаның құны 120 млн.АҚШ долларын құрайтын 49 пайызын иеленуге ниетті екендігінен хабардар етті.

Кен орнын игеруге жұмсалатын болжамды шығындар шамамен 1,5 - 2,0 млрд.АҚШ долларын құрайтын болады, концентраттағы мысты өндіруде күтілетін көлем - шамамен жылына 100 мың тонна болады. Кенішті пайдаланудың мерзімі - қырық жылдан астам уақыт. Бұл жобаның қажетті деген инфрақұрылымы бар: 800 шақырымдық электр тораптары орнатылған, теміржол құрылысы басталды, керекті өндірістік алаңдар баршылық. Пайдалану кезеңінде қызметкерлердің саны 1000-нан астам адамды құрайтын болады.

Бірлескен кәсіпорын туралы мәміле жасалған соң, шамалап алғанда 12 айға созылатын жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленетін болады. Техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталғаннан кейін үш жылға жалғасатын құрылыс және игеру фазасы басталады.

Олег Новачук, Қазақмыс Бас Атқарушы Директоры сөйлеген сөзінде: "Біз Jinchuan компаниясымен біршама уақыт бойы ынтымақтастықтамыз, әрі осындай Ақтоғай жобасы бойынша стратегиялық серіктестікке қуаныштымыз. Аталған кен орнының өнімділігі шамамен "Бозшакөл" жобасындағыдай болады, ал осы екі кен орнының қосылғандағы жалпы көлемі Қазақмыстың қазіргі өндірісінің 60 пайызын құрайтын болады, осылайша, алдағы бес жылдың ішінде біздің көрсеткіштерімізді анағұрлым арттыруға мүмкіндік береді. Бозшакөл мен Ақтоғай - келешекте Қазақмыс Тобының табысты қызметін және Қазақстанның экономикалық өрлеуіне үлес қосуын қамтамасыз ету бойынша шешуші жобалар болып табылып отыр".

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы