АЛМАТЫ, 2010 жыл, 10 маусымның - Жұма күні, маусымның 11-інде Алматы қаласында Еуропа Одағы қаржыландырған жоба аясында "Қазақстандағы асбестті және құрамында асбесті бар материалдарды қауіпсіз игеру және онымен жұмыс істегенде келетін қауіпті азайту" атты семинар өтеді.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасындағы асбесті қауіпсіз игеру жөніндегі ұлттық стратегияға ұсыныстар әзірлейді. Асбест әсерінен пайда болатын ауруларды азайту жөніндегі Ұлттық бағдарламалар, Қоршаған орта және денсаулық сақтау жөніндегі Бесінші министрлер конференциясының (Парма, Италия, 2010 жылдың наурызы). қарарында қарастырылғандай, 2015 жылға дейін, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) және Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) атсалысуымен әзірленуге тиіс.
Сондай-ақ семинарда ҚР ҮЕҰ Экофорумының мамандары Еуропа Одағы, ТАСИС Бағдарламасының қаржылық қолдауы арқасында және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің атсалысуымен әзірлеген "Асбесті қолдану, онымен жұмыс істегендегі қауіп деңгейін төмендету" атты әдістемелік құралдың тұсауы кесіледі. Бұл құрал экологтардың жергілікті жерлерде халықтың түрлі топтары үшін арнайы дәрістер өткізгенде пайдалануына арналған.
Улағыш қалдықтар жөніндегі Ұлттық стратегияға ұсыныстарды ҚР-да Еуропа Одағының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын "Қазақстандағы азаматтық қоғам және қауіпті қатты қалдықтарды басқару" бірлескен жобасы аясында "Еуропа әйелдері ортақ болашақ үшін" (Women in Europe for Common Future - WECF) ұйымы мен оның өз еліміздегі әріптестері - Қазақстанның экологиялық ұйымдары (ҚР ҮЕҰ ЭкоФорумы) және "Greenwomen" аналитикалық экологиялық Агенттігі әзірлеуде. Еуропа Одағының жобаны жүзеге асыруға қосқан қаржылық салымы 148,186 евро құрайды; жоба Қазақстанда 2009 жылы басталып, 2011жылға дейін жалғасады.
Жобаның басты мақсаттары:ел халқының асбест мен тұрақты органикалық ластағыштардың (ТОЛ) адам денсаулығына зиянда ықпалы туралы кең ақпарат алу мүмкіндігін арттыру;
асбест пен ТОЛ пайдалануды шектеу, оларды көму, олар сақталған және көмілген жерлерді тазарту және қауіпсіз сақтау жұмыстарын қатаң бақылауға алу мақсатында өткізілетін ұлттық және аймақтық шараларға қоғамдық және саяси қолдауға ие болу.
Қазақстанда улағыш қалдықтар жөніндегі стратегия әзірлеу қажеттігі әлдеқашан пісіп-жетілген. ШЕКАО аймағы ( Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия) әлемдегі асбестің негізгі өндірушілердің бірі болып табылады және асбесті түрлі қажеттіктер үшін кең қолданады.
Бұл минералдың адам денсаулығына аса қауіп төндіретін түрі - "ақ асбест" деген атаумен де белгілі хризотил асбесті (хризотил, парахризотил). 2008 жылы WECF асбестің үлгілерін Алматы, Киев және Гарла Мар (Румыния) қалаларында сатып алды. Германиядағы арнайы зертханада өткізілген сынақтар нәтижесінде, Қазақстаннан әкелінген хризотил асбесті онкогенді зат болып табылатыны анықталды. Алғаш рет Қазақстанда хризотил асбесті мәселесі 2009 жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен, сарапшылардың "Асбест және тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ): Қазақстандағы және Еуропа Одағы елдеріндегі саясат пен тәжірибе" атты халықаралық конференциясы барысындағы қоғамдық ашық пікірталастар процессінде талқыланды.
Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінде асбестің халық денсаулығына тигізетін бастапқы ықпалы реттеледі, алайда оның қайталама ықпалына назар аударылмайды. Аймақтағы мектептер, ауруханалар, басқа да қоғамдық ғимараттар құрылысында асбест пайдаланылады. Жергілікті тұрғындар асбошиферді үй құрылысында, қора-қопсы тұрғызуда кең қолданады. Асбест өнеркәсіпте де қомақты орын алады. Сондай-ақ асбест қалдықтарын жою, құрамында асбесті бар қалдықтарды игеру проблемасы шешілмеген. Негізінен бұлар қауіпті қалдықтар ретінде қарастырылмайтын қолданыстан шығып қалған құрылыс материалдары. Нәтижесінде тұрмыстық қалдықтармен бірге құрамында асбесті бар қалдықтар күл-қоқсы үйінділеріне төгіледі де, қоршаған ортаны улап, адамдар денсаулығына зиян келтіруді жалғастыра береді.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері маусымның 11-інде, сағат 13.00-де Алматы қ., Жандосов к-сі, 204а, "Altyn Kargaly" мейманхана-курортының "Жемчужный" мәслихат-залында өтетін баспасөз мәслихатына шақырылады.Қосымша ақпарат алу үшін мына қызметкерлермен:
- Лидия Астанина, "Greenwomen", Аналитикалық экологиялық агенттік, тел./факс: +7 (727)-376-2772; е-mail: lidia.astanina@gmail.com;
- немесе Ксения Удод, Еуропа Одағы ҚР-дағы Өкілдігінің баспасөз мәселелері жөніндегі ассистенті, тел.: +7 (7172) 97-11-49, е-mail Xeniya.Udod@ec.europa.eu арқылы хабарласуыңызды өтінеміз.
Дерекнама: Еуропа Одағы ҚР-дағы Өкілдігі