"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры және Хабар телеарнасы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған "Вместе", "Бір болайық" атты бағдарламалар топтамасын бастайды.
2010 жылғы 16 маусымда Алматы қаласында, Қазақстан баспасөз клубында "Вместе", "Бір болайық" атты телебағдарламалар топтамасының шығарылымына орайластырылған баспасөз мәслихаты өтті.
Аталған жоба "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның (ары қарай - "Даму" қоры) 2009-2019 жылдарға арналған дамыту стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылып отырған шағын және орта бизнесті қаржылық емес қолдау құралдарының бірі болып табылады.
Тележоба мақсаты: мүгедектер арасында кәсіпкерліктің табысты тәжірибесін тарату; қиындықтан қорықпайтын, бірақ қолдауды қажет ететін жандарға көмектесу, өз ісін құру үшін заңгерлік және материалды көмек көрсету.
Басты міндет - мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған көмекті ұйымдастыру мақсатында бизнестің, мемлекеттік органдардың, ықпалы бар адамдардың және қарапайым азаматтардың мүмкіндіктерін пайдалану.
"Біз осы адамдарға қолдау көрсеткіміз келеді, олар өздерін бизнесте жүзеге асыруы, қоғамға шынайы пайда әкеле отырып, өздерін қажетті сезінуі үшін жағдай жасағымыз келеді. Біздің бағдарламаның көмегімен өз ісін бастауға және оларға көмектесуге ниетті адамдар саны артады деп үміттенеміз. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі жандар өз жолын өзі тауып, жалғыз өмір сүрмеуі керек", деп атап өтті "Даму" қоры Басқарма төрағасы Б. Мұқышев.
"Вместе", "Бір болайық" бағдарламасының кейіпкерлері белсенді өмір сүріп, жұмыс істегісі келетін, ең бастысы - өз ісіне ие болуды қалайтын физикалық мүмкіндігі шектеулі жандар. Бұл тұлғалар - тағдырдың соққысына қайыспастан, қоғамда өз орнын тапқандар.
Бағдарлама аз мөлшерлі бастапқы капиталмен мүгедектің қалай өз ісін бастап, қалай табысқа қолжеткізуі, қалай өзін еңбекпен қамтуы, жұмыстан қанағат алуы және өзін жүзеге асыру мүмкіншілігін қалай қамтамасыз етуі жөнінде көрсетеді. Сондай-ақ, бағдарлама атаулы демеушілік көмегін белсендендіруге ықпал етуі тиіс.
"Біз мүгедек адамдардың мәселелері жөнінде айтқымыз келмейді, олар сол қиындықтарды қалай жеңіп жатқанын көрсеткіміз келеді", дейді теледидар жобасының бас продюсері А.Увальжанова.
Физикалық мүмкіндігі шектеулі, алайда ақыл-ойы мен өмірді қабылдауы сергек жандар бар. Олардың көбісі рухтың адам айтқысыз табандылығы мен қайраттың үлгісі болып табылады. Тағдыр қалауымен кемтар болып туылған немесе мүгедекке айналған адамдарды қолдай отырып, өзін жүзеге асыру үшін оларға жағдай жасай отырып, біз өзіміздің және қоғамның пәрменді әрі сенімді болуына көмектесеміз.
Телебағдарлама "Хабар" телеарнасы арқылы бүкіл Республика бойынша таратылатын болады.
Жоспарланған көрсетілім: аптасына 2 рет.
Хабар орыс және қазақ тілінде таратылатын болады.
Хронометраж: 20 минутқа дейін.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы