Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі (АӨҚО ҚРА) ҚР аймақтық БАҚ журналистеріне арналған ақпараттық-білім беру семинарын өткізеді.
Алматы, 2010 ж., 29 маусым - Бүгін Қазақстан Республикасы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі (АӨҚО ҚРА) "Құнды қағаздар нарығы негіздері" деп аталатын екікүндік ақпараттық-білім беру семинарын өткізуді бастады.
Семинардың жұмысы оған қатысушыларды құнды қағаздар нарығының өзекті мәселелерімен, құнды қағаздарды сатып алу, сату тетіктерімен, сондай-ақ, қазақстандықтардың қор нарығы қызметіне қатысу мәселелерімен таныстыруға бағытталған.
"Халық оқытуын ұйымдастыру ісінде қаржы білімдері мен ақпараттың негізгі тасымалдаушысы ретінде БАҚ-на ерекше рөл жүктелетіндіктен, өткізіліп отырған іс-шара өзектілігі сөзсіз айқын жайт. Сонымен қатар, АӨҚО ҚРА Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы операторы ретінде қор нарығы жөнінде толық ақпарат ұсынуға, оның ішінде, БАҚ арқылы оларды жеткізуге бүкіл күш-қуатын салуда", - деп атап өтті АӨҚО ҚРА Төрағасының орынбасары Шыңғыс Қанапиянов.
Өткізіліп отырған семинар құрылымына капитал нарығын мемлекеттік реттеу, оның инфрақұрылымы, ұжымдық инвестициялау және қаржы нарығы қызметіне кәсіби тұрғыда қатысу мәселелеріне арналған секциялар енген.
Мемлекеттік құрылымдар, ҚР қаржы институттары өкілдері, қор нарығының жетекші сарапшылары семинарға спикерлер ретінде қатыспақ. Семинар барысында оған қатысушылар қажетті ақпарат алып қана қоймай, нақты мысалдарды талдау арқылы қор нарығына шығу жөніндегі практикалық қадамдарды көруге, түсінуге және пікір-таластарға қатысуға мүмкіндік алады. Осы мақсатта семинардың Бағдарламасында қор нарығы тақырыбында жазып жүрген жетекші қазақстандық журналистерден шеберлік сабағын алу, биржа операцияларын жүргізудің негіздері мен құнды қағаздармен жұмыс жасау дағдылары шындалатын ойынға журналистердің қатысуы қарастырылып, АӨҚО Академиясының, Қазақстан қор биржасы (KASE), Алматы қаласы Ақапараттық-білім беру орталығы (АБО) Жеке инвесторлар клубы және "Еуразия сауда жүйесі" (ЕСЖ) тауар биржасының ғимараттарына экскурсия ұйымдастырылған.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, 2007-2009 жылдар аралығында АӨҚО ҚРА еліміздің 120-дан аса журналистері қатысқан 9 семинарды өткізді. Осы іс-шаралардың барысында қатысушылар "Құнды қағаздар нарығы", "Қор нарығы: қызмет етуі негіздері", "Қор нарығы: аналитикалық практикум", "Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржы сауаттылығын арттыру", "Ислам қаржы құралдары" және өзге де қаржы тақырыптарын қарастырды.
Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы