7 шілде, 2010ж., Алматы -GSM Қазақстан/Kcell компаниясы ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің абоненттерді халықаралық роуминг қызметтеріне қосу үшін шек сомаларын орнатуға қатысты жүргізген тергеу қорытындыларымен келіспейді.
3 шілде 2010ж. ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі (БҚА) Қазақстанның үш ұялы байланыс операторы өздерінің басымдық орындарын теріс пайдаланған деген пікір білдіріп, мәлімдеме жасады. Атап айтқанда, БҚА ойынша, байланыс операторлары абоненттерді халықаралық роуминг қызметтеріне қосу үшін 4000-нан 15000 теңгеге дейінгі шек сомаларын орната отырып, Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бұзды. Агенттіктіің пікірінше, шек сомаларын орнату тұтынушылардың құқықтарына қысым жасайды.
GSM Kazakhstan/Kcell компаниясы, бұл мәлімдеге жауап ретінде төмендегіні хабарлайды:
- Біріншіден, Компания орнатқан мөлшерде шек сомаларын орнату тұтынушылар құқықтарына қысым жасамайды;
- Екіншіден, шек сомаларын орнату техникалық және коммерциялық тұрғыдан қажетті, жалпы қабылданған халықаралық тәжірибе болып табылады және абоненттердің мүдделеріне сай келеді;
- Үшіншіден, абоненттерді халықаралық роуминг қызметтеріне қосуға шек сомаларын орнату заңнамалық тұрғыдан шектелмеген;
- Төртіншіден, басымдық орнын теріс пайдалану деп аталған тағылған айып үшін БҚА тарапынан қойылған айып ақы сомасы заңсыз түрде саналып анықталған. Осының нәтижесінде, Компанияның қызметі толықтай заңсызға теңістірілген, алайда тергеу тек халықаралық роуминг қызметіне қатысты жүргізілген, ал бұл қызмет байланыс операторлары пайдасының шағын ғана бөлігін қамтамасыз етеді.
Роумингке қосылудың шектерін орнатудың бірқатар техникалық және коммерциялық себептері бар. Роуминг қызметіне қатысты операторлар арасындағы есеп айырысулар 30 күнге дейінгі тежеумен жүргізіледі. Тарифтік есептеудегі мұндай тежеу кең таралған халықаралық тәжірибе болып табылады, ол GSM ассоциациясына мүше көптеген операторларда бар және роумингке қатысты биллинг мәліметтерін түзу мен өңдеу технологиясы ерекшелігінің салдары болып табылады. Тарифтік есептеудегі көрсетілген тежеу оператор үшін де, абонент үшін де қаржылық тәуекел мен қиындық тудырады. Қосылу шегінің болмауы шоттардың қызметтердің көрсетілуден кейін біраз кешігіп келуіне байланысты абонент шотында елеулі қарыздың пайда болуына әкеп соғады. Қарыздың пайда болуы абоненттің теріс теңгерімінің салдарынан байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айыруы ықтимал. Мұнда оператор да, абонент те зардап шегеді. Оған қоса тарифтік есептеудегі тежеуге байланысты түрлі алаяқтық әрекеттер мен қомақты көлемдегі қарыздардың туындауы мүмкін. GSM Kazakhstan/Kcell көрсетілген себептермен роуминг қызметтеріне шек сомаларын орнату жалпы қабылданған халықаралық тәжірибе екендігіне назар аудартады.
Сонымен қатар GSM Kazakhstan/Kcell компаниясы бір жақтан, роуминг қызметтеріне қосу шегін орнату қажеттігін түсіне отырып, екінші жақтан абоненттерге роуминг қызметтеріне деген шығындарын азайта отырып абоненттерге қызмет көрсету шарттарын жетілдіре шек сомасын азайтуға талпынады. Атап айтқанда 2009 жылдың 16 қыркүйегінен бастап шек сомасы науқандық ұсыныстың негізінде 6000 теңгеге дейін төмендетілген болатын. 2010 жылдың 4 мамырынан бастап роумин қызметін қосу шегі 4000 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл шарт 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.
"GSM Kazakhstan/Kcell компаниясы әрдайым өз абоненттерінің ең жоғары талаптарын қанағаттандыруға тырысады. Біздің міндетіміз - ұялы байланысты ел аумағында да одан тыс жерлерде де қолжетімді ету. Сондықтан біз халықаралық роуминг тарифін де, оған қосылу сомасының шегін де төмендетуге мүдделіміз. Біз роумингтегі абоненттеріміз үшін қолайлы шарттарды қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін үнемі іздестірудеміз", - деп атап өтті Вейсел Арал, GSM Kazakhstan/Kcell Бас атқарушы директоры.
Дерекнама: GSM Kazakhstan/Kcell