DataLife Engine > Күн тақырыбы > Windows® 7 енді қазақ тілінде де

Windows® 7 енді қазақ тілінде де


17 шілде 2010. : bizmedia

14 шілде 2010 жыл, Алматы қ. - Microsoft Қазақстан Windows дербес компьютерлеріне арналған Windows 7 жаңа операциялық жүйенің қазақша нұсқасының шығарылғанын ресми түрде жариялайды. Өнім Language Interface Pack (LIP) интерфейсінің көмегімен мемлекеттік тілде қолжетімді, ол Windows 7-нің орыс немесе ағылшын тілдеріндегі нұсқаларына орнатылуы мүмкін. Language Interface Pack (LIP) нұсқасы қазақ тіліндегі интерфейстің 80%-ға дейінгі элементтерін пайдалануға мүмкінідік береді. Аталмыш өнім тегін таратылады және оны Microsoft-тың http://www.microsoft.com/kazakhstan сайтынан көшіруге болады.

"Майкрософт корпорациясы өзінің әрбір өнімін халыққа барынша қолжетімді етуге тырысады. Осылайша, Windows 7 әлемнің 54 тіліне аударылды, олардың 35 тіліндегі аудармасы - толық шектелу, 19 тілі - LIP нұсқасы болып табылады. Бұл біздің өнімдердің Қазақстанда тұңғыш шектелуі емес, және біз, олардың бәрі болашақта саланың кейінгі дамуына және мемлекеттік, коммерциялық және әлеуметтік құрылымдардың қазақ тіліне өтуіне ықпал етеді деп үміттенеміз," - деп атап өтті Гюнтер Дам, Microsoft Қазақстан Бас директоры.

Аталмыш шектелудің жобасы - Microsoft-тың ІТ-индустриясының дамуына және тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын жоғарылатуға салған үлесі ғана емес, сонымен бірге, Республикада тұрып жатқан барша азаматтардың қазақ тілін үйренуіне, тілдің дамытылуына жасаған қолдауы. Осылайша, Microsoft өнімдерінің қазақтілді нұсқалары дербес тұтынушылар мен бүтіндей ұйымдарға ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, олар құжат айналымын мемлекеттік тілге аударуға көмектеседі, мектептерде және университеттерде қазақ тілін оқыту барысында жақсы қолдау бола алады.

Бұл өнімдердің шығарылымы, қазақ тіліндегі кәсіби терминдерден тұратын арнайы глоссариді жасақтау және бекіту үрдісіне белсенді түрде қатысқан Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік Теоминологиялық Комиссия қолдауымен іске асырылды.

Дерекнама: Қазақстан баспасөз клубы