9 тамыз 2010 жыл, Алматы қаласы. "КаР-Тел" ЖШС-і (Beeline сауда белгісі) көшедегі жазғы кинотеатрды іске қосқаны туралы хабарлайды. Алматы қаласы тұрғындары үшін Beeline "Көше кинотеатры" жобасын Алмалы ауданы Әкімі аппараты мен "Қазақфильм" АҚ-ның қолдауымен іске қосты.
"КаР-Тел" ЖШС-нің Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Павел Родин: "Көше кинотеатры" - тек ашық кеңістікте фильмдерді көрсету емес, жастарымызды отандық киноның алтын қорымен таныстыру. Тамыз бойы Beeline кинофильмдер сериясын көрсетеді. Көрермендер 1955-2008 жылдар аралығында түсірілген туындалармен таныса алады".
Жаз бойы қыркүйектің 19-на дейін әрбір жұма мен сенбі күндері алматылықтар отандық туындыларды тамашалаумен қатар, Beeline-нің құнды сыйлықтар ұтыстарына қатыса алады. Сонымен қатар, апта сайын көрермендер бейресми жағдайда белгілі отандық актерлермен, режиссерлермен және отандық киноның дамуына үлес қосатын тұлғалармен тілдесу мүмкіндігіне ие болады.
Жұртшылыққа кеңінен танымал ескі және жаңа кинотуындыларды тегін көруге мүмкіндік жасалған. Көрсетілімдер демалыс күндері сағат 21.00-ден басталады.
Толығырақ мәліметті www.beeline.kz сайтынан біле аласыздар.
Дерекнама: "КаР-Тел" ЖШС-і