|
|

| Даналықтың бәрі қарапайым... бірақ табысты емес |
|
Студенттік шағымызда бізді KISS (Keep IT Simple, Stupid) тәрізді батыс менеджментінің концепциясымен таныстырғаны есімде және ең күшті шешімдер мен өнімдер іс жүзінде өте қарапайым деп айтатын. Мұның қисыны бар.
|
|
|
| Қызықты цифрлар |
|
Бөлшектік банк нарығында, әсіресе несие карталарымен жұмыс істейтіндер, ресейлік қаржы зерттеулер бойынша Ұлттық агенттіктің "Ресейліктердің 71 пайызы несие карталарын алудан бас тартар еді" атты тақырыппен БАҚ-да жарияланған бүкілресейлік қаржы зерттеулерінің нәтижелерін байқаған болар.
|
|
|
| Таңғажайыптар Әлеміндегі маркетинг |
|
Мен ендігәрі Marketing Week-ті оқымаймын - мақалалары қызықсыз, авторлары қайталана береді. Маркетингтік немесе жарнамалық блогтарды оқыған біршама қызықтырақ, мен олардың көбіне Facebook арқылы жазылғанмын.
|
|
|
| Escape the City немесе банкирлікті тастау |
|
Қаржы секторында жұмыс істеу қызықтырудан қалып барады. Британдық қаржы секторы ең жоғары жалақы төлейтін сектор болып қалуда. Жалақылар, негізінде, дағдарысқа дейінгі жалақылардан ерекшеленбейді, дегенмен, олардың өсуі инфляциядан қалып барады. Бонустарды қайтадан бере бастады, бірақ ақырын, жабық есіктердің артында және олар өз бонустарын дәл солай жұмсайды, бірақ "City-ден келген жігіттердің" сауық кештері әлдеқайда тыныш және көзге түспейтіндей өтетін болды. Мемлекет салықтарды өсіріп, шығындарды азайтты, демек мемлекет үнемдеп жатыр. Көбінесе, қаржы дағдарысында банкирлер мен қаржы секторын кінәлайды. Әлеуметтік жағдайларда, банкир немесе қаржы секторында қызмет істеуің туралы айту ұнамсыз бола бастады - шәлгез көзқарастар мен "шайтанға сатылған жан" туралы ескертулерге тап болуың әбден мүмкін. Сондықтан банк секторы орта статистикалық британдықтың ойында шайтанға табынумен теңеледі.
|
|
|
| Маркетинг пен PR-дың жаңа ережелері |
|
Сандық маркетингтің жаңа ережелері жайлы сараптаушылар не жазатыны қызықты. Бұрыңғы әдіс бойынша, amazonнан аты жиірек аталатын жаңа сандық маркетинг бойынша 3 кітап сатып аламын.Оларды қарап шығып, қазір оқып жатқан, фаворит - кітапты таңдаймын. Ол "Маркетинг пен PRдың жаңа ережелері" (The New Rules of Marketing and PR) деп аталады, авторы маркетинг пен PR жаңа сандық әлемде қалай жұмыс істейтінін сараптаушылардың бірі Дэвид Меерман Скотт (David Meerman Scott). Егер сіз кітапты оқымаған болсаңыз, төменде үзіндісін келтіремін, сіздермен бөліскім келеді. Менің соңғы бірнеше жылдар бойы PRмен жұмыс істеген тәжірибем негізінде, төменде жазылғанның барлығы - нағыз шындық деп айта аламын! Өздеріңіз бағалап көріңіздер...
|
|
|
| 2.0 Тренингтері |
|
Мен компаниялар қаржыны үнемдеу салдарынан олардың қызметкерлерінің өздігінен даму мүмкіндіктері жоқ деген шағымдарды естігенде таң қаламын. Тренинг - кәсіби дамудың жалғыз әдісі деген пікірлер мені таңдандырады. Тренингтерге қатысу қымбат, көп уақыт алады және онда қандай аудитория болатындығын алдын ала ешқашан білмейсің деген сөздер мені таңдандырады. Сондықтан да,қойшы сол тренингтерді. Жұмыс көп, онда шаруамыз жоқ.
|
|
|
| Чилийлік ғаламат |
|
Жер астына көмілген чилийлік шахтерлар, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған, тарихқа айналды. Ірі халықаралық телекомпаниялар оқиғаның дамуын көз алмай қадағалады. CNN оқиғаға күніне бірнеше сағаттан көңіл бөлді - туысқандармен сұхбат, шахтерлармен жердің астынан түсірілген бейнетаспалар, олардың өмірбаяндары және т.б.
|
|
|
| Мен оны жаңа қырынан таныдым! |
|
Соңғы кездері мен PR жайлы өте көп естимін, тіпті маркетолог үшін де. Біресе маған PR тапсырманы орындау керек, сол себептен PR қызметімен қарым қатынас жасау қажеттілігі туындайды, біресе PR-дың ұлғайып жатқан рөлі жайлы тренингке шақырады, біресе бастық біздің PR стратегиямыз қандай деген сауалмен ойландырады және оған қоса шетелдік маркетингтік баспалар тұс-тұстан дағдарыстан кейінгі бюджет маркетингін қысқартуға байланысты PR-дің өзгермелі рөлі жайлы жазады.
|
|
|
| Mission Impossible |
|
Қызықты бақылау. Жақында Ұлыбританиядан Шығыс Европаның бірнеше елдеріне жарнама - сувенирлі бұйымды жеткізуге әрекеттендік. Барлық елдерге біздің жүктерімізді жеткізуге байланысты кеденде де ешқандай қиыншылық болған жоқ. Біз жүкті жеткізу барысы мен кеденде оғаш және түсініксіз қиыншылықтарға кездескен тек екі ғана ел таңқаларлық ерекшелік танытты - Қазақстан және Ресей.
|
|
|
| Ақшаны қайтару |
|
Мен өз басым қазақстандық тұтынушы үшін және дәлірек айтқанда, қазақстандық несие карталарын қолданушылар үшін өте қуаныштымын. Қазақстанның несие карталары нарығында бірінші cashback қызметі бар (American Express -тің Blue картасы, Қазком) пайда болды. Бұл шетелдік сөз, тұра мағынада "ақшаны қайтару" дегенді білдіреді. Бұл қызмет түрі көптеген біздің тұтынушылар үшін әлі белгісіз өнім, ал менің ойымша мұндай карталардың бар болуы бөлшектік банк қызметтерін дамытудың жақсы айқындағышы болып табылады. Ресейде мұндай карталардың санын тексеріп көріңіз. Батыс елдерде cashback карталары әлдеқашан нарықта, тұтынушылардың әмияндарында және жүректерінде нық орналасқан.
|
|
|
|
Әйгілі тақырыптар
|