Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Ақшаны қайтару

Мен өз басым қазақстандық тұтынушы үшін және дәлірек айтқанда, қазақстандық несие карталарын қолданушылар үшін өте қуаныштымын. Қазақстанның несие карталары нарығында бірінші cashback қызметі бар (American Express -тің Blue картасы, Қазком) пайда болды. Бұл шетелдік сөз, тұра мағынада "ақшаны қайтару" дегенді білдіреді. Бұл қызмет түрі көптеген біздің тұтынушылар үшін әлі белгісіз өнім, ал менің ойымша мұндай карталардың бар болуы бөлшектік банк қызметтерін дамытудың жақсы айқындағышы болып табылады. Ресейде мұндай карталардың санын тексеріп көріңіз. Батыс елдерде cashback карталары әлдеқашан нарықта, тұтынушылардың әмияндарында және жүректерінде нық орналасқан.


Мен өз басым осындай қызметі бар несие картасын ұстаушымын деп бірден айтамын. Оны бір құрбымнан көрдім, ол сол кезде ірі сауда жасамақ болып, мүмкіндігінше көбірек cashback қайтарып алу мақсатымен картаны арнайы осы сауда үшін ашқан еді. Мен лезде картаны ашып шығару үшін өтініш жаздым. Тұтынушы ретінде, мен үшін, cashback қызметі бар несие картасы қолдағы бар ақшадан жақсырақ. Өйткені қолдағы ақшамен саудаласқанда ақша кері қайтарылмайды.


Сashback әр түрлі елдерде әр түрлі жұмыс істейді, мөлшері әдетте 1%-дан 5%-ды құрайды, cashback біркелкі болады, яғни барлық транзакцияларда бірдей пайыз табады (комиссия мен ақшаны картадан алудан басқасы), cashback түрлендірілген болады, яғни әр түрлі саудагерлерден немесе әр түрлі дәрежедегі саудагерлерден cashback мөлшерін табу дегенді білдіреді.


Мысалы, біркелкі cashback-те барлық транзакциялар 1%-ды (жоғарыда айтылғандардан басқа), түрлендірілген cashback - ЖҚС-да 1%, мейрамханаларда 2%, супермаркеттерде 3% және т.б. құрайды. Менің картама біркелкі cashback - алғашқы 3 айда 5% (арнайы ұсыныс ретінде), содан кейін 1% есептелінеді. Арнайы ұсыныс өте қолайлы, өйткені ірі сауда жасауды жоспарлап қойсаң, картаны ашуға болады. Сонда өзінше бір жеңілдік сияқты. Сashback әдетте жылдың аяғында (картаны ашқан кезден бастап) жыл сайын карта бойынша жасалған операциялардың мөлшеріне байланысты төленеді. Әрине, егер де карта бойынша несие мерзімді төленіп тұратын болса.


Алғашында есептеу механизмі түсініксіз және ақшаны жинау мүмкін емес сияқты. Содан кейін қызықтырып әкетеді. Қайткенде де біз шоттарды төлеуге, азық - түлікті, киім - кешекті сатып алуға шығынданамыз. Мәселе қолдағы ақшамен немесе 5% кері қайтарып беретін картамен төлеу дұрыс па деген сұрақта. Істің мән - жайы, операциялардың мүмкіндігінше көбін картаға жүктеуде. Сонымен қатар, қайткенде де бір айдың ішінде сіз аз ақша шығындамайсыз. Интернет банкте карта шотының транзакцияларын тексерген сайын cashback-тің өсіп жатқанын көріп, кобейе түскен сандарға қуанасыз. Жылдың аяғына таман менің жиналған cashback сомамның үштаңбалы (менің картам шетел валютасында) саңға айналғанын көру мен үшін өте жағымды болды. Өзінше бір сыйлық сияқты (мен картаны көктемгі мейрамдарға қарсы ашқан болатынмын). Банктің маған ақша қайтаруы өте қуанышты.


Бұл мен үшін негізгі жағдай. Қазақстанда қанша банктер өздерінің клиенттеріне әлдене беруге дайын? Менің ойымша, өздерінің клиенттерін бағалаушы әрбір банк, қалай айтсам екен, бөлісуі керек. Мысалы,қосымша артықшылықтар, карта бойынша қызметтер, жеңілдіктер, акциялар мен cashback ретінде. Бұл мен үшін сол картам ашылған банкті бағалау факторы. Әсіресе ақшаны қалай үнемдесем екен деген дағдарыстан кейінгі уақытта. Мұнда қарама қайшылық жоқтығын анғарамын, cashback картасының мәні - көп шығындау емес, ақылмен шығындау, неғұрлым көбірек өзіңнің төлемдеріңді және күнделікті сауда саттықты карта бойынша жасау.

Қазақстанда қанша адам осындай картаға ие екендігі мен үшін қызықты. Егер сіз соның біреуі болсаңыз, өз cashback-ді ұқыпты өсіресіз деп үміттенемін. Шетелде айтқандай, every little helps.

11 сентября 2010 | Просмотров: 1 507 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді