Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Mission Impossible

Қызықты бақылау. Жақында Ұлыбританиядан Шығыс Европаның бірнеше елдеріне жарнама - сувенирлі бұйымды жеткізуге әрекеттендік. Барлық елдерге біздің жүктерімізді жеткізуге байланысты кеденде де ешқандай қиыншылық болған жоқ. Біз жүкті жеткізу барысы мен кеденде оғаш және түсініксіз қиыншылықтарға кездескен тек екі ғана ел таңқаларлық ерекшелік танытты - Қазақстан және Ресей.

Жүкті жеткізуге байланысты Ресейде проблемалар Қазақстанға қарағанда азырақ, бірақ ресейлік кеден өзінің қиын ережелерімен, болжалмайтын түсіндірулерімен және логикаға сай келмейтін ерекшеліктерімен танымал. Қиыншылықтардың көлемін түсіну үшін Googl-ге "Қиыншылықтар кеден Ресей" сөздерімен іздеу салу жеткілікті. Күлкінішті жағдайларға дейн барады, мысалы, біздің бір серіктестеріміз 6 ай бойы ресейлік кеден арқылы өздерінің 2 қораб жарнамалық кітапшаларын өткізуге әрекеттеніп жүр. Бұл кітапшаларды шекарада сақтау мен брокерге берілген шығындарды есептегеннің өзінде, олардың қызғанарлық қажырлығы әсер етеді.

Ресей экономикасының бәсекелестігі мен беделі үшін салдары айқын, бірақ мүмкін ресейлік мемлекеттік шенеуніктер, әсіресе кеден қызметкерлері үшін емес шығар. Бір ғана шетел компаниясы Ресейді жарнама-марткетингтік өнімдерді жеткізу жоспарынан алып тастамаған болуы керек, ал өнімнің артығы басқа европалық нарықтарға қайта бөлінген. Әрине әркашан да өнімді елдің өзінде шығару варианты қарастырылады. Бірақ шетел ұйымдары үшін неге болсын Ресейде тапсырыс беру, кеден қызметкерлерімен, заңнамаға себепті, шетел ұйымдарымен қызмет етуге қатысты, жұмыс істеуден оңайырақ болмайды.

Кедендік қиыншылықтарға байланысты белгілі asos.com сияқты шетел онлайн дүкендері ресейлік тұтынушыларды өнімді жеткізу елдер қатарынан шығарып тастады, ресейлік тұтынушыларға деген сүйіспеншілікті сезіну үшін, олардың сайтындағы форумды көру жеткілікті. Бедел жайлы сөзді тіпті қозғамай - ақ қояйық. Ресей - бұл үлкен нарық, болашаққа күшті сұраным жасайтын ел, соның өзінде, мен бірнеше ай бойы бағасы өндіруге жұмсалған бағадан он есе аспайтын қаламдардың жеткізілуін және кедендік тазартуын ұйымдастыра алмай жүрмін.

Ең жақсы деген жағдайда шетел бизнесінің өкілдері сол өнім Литваға, Венгрияға және Румынияға неліктен қиындықсыз жеткізіледі деп таң қалады, ал жөнелту департаменті үзілді - кесілді Ресеймен жұмыс істеуден бас тартады. Ең жаман деген жағдайда Ресейді жарнама - маркетингтік материалдарды жеткізу жоспарынан шығарып тастайды, сөйтіп ресейлік тұтынушыны ақпараттан, өнімнен, жаңа қызықты шешімдерден айырады.

Бірақ Ресей дегеніміз не? Қазақстандағы жағдай одан да жаманырақ. Қазпочта жоғалтпағанды біздің кеден өткізбейді. Жүкті кәдімгі жеткізу Ресейге қарағанда бірнеше есе қымбаттырақ, жағрафиялық шалғайлыққа байланысты және Қазпочтадан аулақ болу үшін (мысалы мен Британиядан жарнама - маркетингтік өнімдерді Royal Mailмен жөнелтемін, бірақ Қазақстанда олар Қазпочтамен қызмет етеді, ал бұл күмәнсіз тұйыққа тірелген сценарий) қымбат курьерлік қызметті қолданамыз. Аса қымбат жеткізу шығындарынан басқа (Ресейдің өзімен салыстырғанда, мен Шығыс Европаны қозғамай-ақ қояйын), Қазақстанда кедендік тазарту рәсімі ресейлік рәсімдерден тура көшіріп алынған сияқты сірә, тура сонда сияқты брокерді жалдау қажеттілігі, барлық таңқаларлық талаптарды ескеру және буму бума құжаттарды ұсыну.

Мен Amazon, Ebay және сол Asos бойынша әлденеге шетелден тапсырыс беру және оны қарапайым тұтынушыға кеденнен өткізу қиыншылығы туралы ойлауға да қорқамын. Мен бұл немесе қымбат бағалы рақаттылық, немесе Mission Impossible деп күдіктенемін. Сонымен қатар жарнама маркетингтік өнімнен әлдебір татымдырақ және маңыздырақ нәрсе жеткізуге тырысатын компаниялар қандай қиыншылықтардан өтетіндігін елестете алмаймын. Мысалы, станоктар. Немесе медициналық жабдық. Немесе балалар тағамы.

Мен берілмеймін. Біздің батыл жеткізу департаментімен бірігіп біз қолайлы шешім табуға әрекеттенеміз. Мен әлі де ресей - қазақстандық тұтынушыларға қаламдарды және басқа да әлемге әйгілі брендтің сувенирлі өнімдерін жеткізгім келеді. Менің британдық әріптестерім неліктен біздің елдерге әлде қандай заттарды жеткізу қиын екендігін түсіне алмайды. Мен шынымды айтсам, оларға қалай түсіндірерімді білмеймін. Мені таң қалдыратын да осы - Қазақстан да, Ресей де 50 бәсекеге түспейтін әлем елдерінің қатарына кіреміз деп жариялап еді. Осының өзінде екі елдің мүлде екі түрлі бәсекеге түспейтін кедендік режимі бар. Бұл бизнеске, тұтынушыларға әсерін тигізеді. Неліктен не Қазақстан, не Ресей басқа өздерінің кедендерін айқын және ашық етіп алған, шығыс европалық елдерден үлгі алмайды? Сондықтан бәсекелестікті көтеру тапсырмасын кеденнен бастауды ұсынамын. Осыны алғаш рет қайдан естігеніңізді есте сақтауыңызды өтінемін.

Secret Marketer

15 сентября 2010 | Просмотров: 1 423 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді