Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Мен оны жаңа қырынан таныдым!

Соңғы кездері мен PR жайлы өте көп естимін, тіпті маркетолог үшін де. Біресе маған PR тапсырманы орындау керек, сол себептен PR қызметімен қарым қатынас жасау қажеттілігі туындайды, біресе PR-дың ұлғайып жатқан рөлі жайлы тренингке шақырады, біресе бастық біздің PR стратегиямыз қандай деген сауалмен ойландырады және оған қоса шетелдік маркетингтік баспалар тұс-тұстан дағдарыстан кейінгі бюджет маркетингін қысқартуға байланысты PR-дің өзгермелі рөлі жайлы жазады.

Мен үшін PR - мифтік құбылыс. Теория жағынан мен, әрине, бұл саламен таныспын. Менің тәжірибемнен PR мамандары - баспа релиздер дайындайтын, баспасөз конференцияларын өткізетін, журналистермен жеке қатынастары бар, қоғам және мемлекеттік органдары алдында ұйымның беделін басқаруға жауап беретін және бір мезгілде абыржулы да, ойлы да көріне алатын адамдар. Олар басқа әлемнің адамдары тәрізді. Олардың бизнестегі рөлі мен үшін әрқашан жұмбақ болған. Бірақ соңғы кездері Қазақстандағы PR және Батыс елдеріндегі PR жайлы ұғымның әртүрлі нәрсе екендігі анықталып жатыр. Тіпті PR департаменті бизнестің мақсаттары, соның ішінде маркетингтік мақсаттарға жету үшін жұмыс істеуі керек және істей алады.

Менің өз бақылауларымды, тіпті жаңалықтарымды жинақтауымның себебі - PR-ды маркетингте қолдану мүмкіндігін анықтау. PR құрал ретінде не, ол бизнесті және ең алдымен маркетологты қандай табысқа жетелейді?

Бірінші жаңалық. PR - бұл сатылымды көбейтудің тиімді құралы.

FMCG компанияларындағы әріптестерім маған саусақтарын безейтін шығар. Бұл оларға бұрыннан белгілі. PR-ды олар үлкен құралдар жиынтығы деп ұғады. Бұл: өнімге келісім мөртабанын басатын кәсіби "тәуелсіз" ассоциациялар, жарнамалық өнімдерді қолданып, олар арқылы "таңқаларлық табысқа" жеткен жұлдыздарға демеушілік ету, тұтынушылардың өмірінен алынған оқиғалар, әртүрлі сайыстар, ал бертіннен influencers-пен, "пікір көшбасшыларымен" жұмыс, яғни өнім туралы жазады деген үмітпен таңдалып алынатын бірнеше ірілеу (аудитория санына қарай) блоггерлер.

Екінші жаңалық. Ең үздік PR - мақсатты аудитория үшін құндылығы бар PR.

Менің жақсы көретін мысалым - зерттеулерге демеушілік ету. Бұл тәсіл Қазақстанда әлі толыққанды іске асырылмаған. Қазақстанда жалпы нарық бойынша, өнімдер бойынша, тұтынушылық қалаулар бойынша қоғам үшін айқын мәліметтер жоқ. Қызықты тақырып бойынша зерттеуді қаржылай қолдайтын, ал содан кейін зерттеу нәтижелерімен БАҚ-пен бөлісіп, оны ақысыз басып шығаруға айырбастайтын компаниялардан жақсы басқа не бар ? Қазақстандағы PR нарығымен мен жақын таныс емеспін және бізде қызықты материалдарды ақысыз басып шығару деген ұғымы мүлде болмауы да мүмкін. Батыста бұл тәсіл кеңінен қолданылады. Менің ойымша, зерттеуді қаржылай қолдау - бұл нарықтың да, тұтынушылардың да, компанияның да құндылығын көтеретін күшті мысал.

Үшінші жаңалық. Сандық әлемдегі PR.

С
андық әлемдегі PR бұл риал тайм форматындағы компанияның беделін басқару. Бұл мен үшін фантастика саласынан алынған нәрсе. Батыста ол былай жұмыс істейді. Компания тұтынушылардың пікірлерін онлайнда "тыңдайды". Бұл үшін онлайнда компания немесе бренд туралы айтылған барлық ақпаратты жинайтын арнайы мониторингтік бағдарламалар жасалған және олар жағымды және жағымсыз рейтингтерді, сонымен қатар онан арғы талдау үшін сапалы мағлұматтарды қалыптастырады. Мысалы, Британиядағы Yougov осы тәріздес бірқатар компаниялар мен брендтер үшін рейтингтерді саралайды. Егер де компания жағымсыз пікірлердің ағымын байқаса, оның неге байланысты екендігіне талдау жүргізеді. Ең ашулы деген тұтынушылармен қызмет көрсету департаменті жедел байланысып, мәселені шешуге тырысады. Компанияның блогында осындай қиындықтарға тап болғандарға не істеу керектігі туралы хабарлама жарияланады. Бұл қиындықтың дәмін татқан барлық тұтынушыларға арнайы ұсыныс жасалады: жеңілдік немесе ақысыз өнім. Компанияның барлық сайттары мен беттерінде, әлеуметтік медиаларда сәйкес жұмыстар жүргізіледі. Барлық осы жұмыстарды реттеуге соңғы кездері көбінесе компанияның PR бөлімдері жауапты.

Төртінші жаңалық. PR - бұл тұтынушымен сұхбат.

PR мен үшін менің Қазақстанда көргенім - бейберекет (өйткені ол үшін толенген) жазылған editorial, трафарет бойынша жазылған жансыз баспасөз релизі, көбінесе бутерброд үшін баратын сылбыр баспасөз конференциясы. Батыстағы PR мүмкіндіктерімен таныса келе, мен оның пысық кәсіпкерлердің қолындағы мықты құрал екендігін түсіндім. Әлеуметтік желілердің кең таралуының арқасында, PR жоғарыдан көпшілікке бағытталған бір жақты монологтан, тұтынушылармен бетпе бет жүргізілетін сұхбатқа айналып барады. Мұның барлығы әлемнің ірі компанияларының PR стратегияларын түбегейлі өзгертеді. Қазіргі кездегі PR маркетинг пен қызмет көрсету арасында. Маған мұндай PR, әсіресе тұтынушы ретінде, өте ұнайды. Беделдің әлеуетті дағдарысын кім жеңіл еңсереді: маған ол жайында ресми нәрсіз баспасөз релизі арқылы жеткізген компания ма, әлде бұл туралы әлеуметтік желі арқылы жеке хабарлама жолдаған компания ма?

Бесінші жаңалық. Ең жақсы PR компаниялар - бұл аз шығындалатын компаниялар. Және олар бағаланады.

Бұрынырақ PR мағынасы және нәтижелерді бағалау мен үшін мүлде әртүрлі жазықтықтарда орналасқан болатын, дегенмен әлеуметтік желілердің танымалдылығының және жаңа медиалардың өсуі PR компаниялар бағамын түбегейлі өзгертеді. Онлайн медианы бағалау әлдеқайда оңайырақ. Британдық Marketing Week авторларының бірі "эксель кестелері жылтырауықтарды жеңуде" деп жазған болатын. Бұл бағытты дәстүрлі БАҚ өздерінің монополистілігін жаңа медиалардың өсуінің салдарынан жоғалтады деген факт толықтырады. Осындай жаңа түсініктегі PR дағдарыстан кейінгі компанияларда танымал болатындығы таң қалдырмайды - жаңа PR үлкен шығындарды талап етпейді және тиімді, өйткені ол тез және көзге көрінетін нәтижелер береді. Соңғы акциялардың ішінен Greenpeace акциясы менің есімде қалды, олардың еріктілері таңертен ерте ВР бензин колонкалары шүмектерінің маңызды саймандарын (мұнай тасуынан кейін) бұрап алып, бензин колонкалары қызметкерлерінің азаптарын бейнетаспаға түсіріп алды. Мұның барлығы жаңа медиалар мен әлеуметтік желілер арқылы тез және тиімді таратылды.

Осы тәріздес тенденцияларға ресейлік көзқарас қызықты.

http://www.advertology.ru/article82951.htm#109939 Қазақстандағы PR-ды болашақта не күтіп тұр? Мен сарапшы емеспін. Бірақ мен сандық жарнаманың қызметтерін ұсынатын агенттіктер мен жаңа медиалардағы өкілдіктердің қалыптасуын байқаудамын. Онда жас, шығармашылыққа толы командалар жұмыс істеуде. Егер де олар жаңа креативті шешімдерді ұсына алса, онда Қазақстандағы жаңа PR-дың болашағы бар екендігі анық.

S
ecret Marketer

15 октября 2010 | Просмотров: 2 819 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Мемлекет басшысы «Goldman Sachs» компаниясының президенті Харви Шварцпен кездесті
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді