Негізгі бет Біз туралы Жаңалықтар Бізбен байланыс
- Астана
  
kaz rus eng RSS
Мастер класс
Сұхбат
Шетелдік тәжірибе
Заңгерлер кеңесі
Глоссарий
Адрес бюросы
Аналитика
Тренингтер
Баспасөз - релиздер
Пікірлер
Қаржылық қолдау

Регистрация Забыли?
Чилийлік ғаламат

Жер астына көмілген чилийлік шахтерлар, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған, тарихқа айналды. Ірі халықаралық телекомпаниялар оқиғаның дамуын көз алмай қадағалады.CNN оқиғаға күніне бірнеше сағаттан көңіл бөлді - туысқандармен сұхбат, шахтерлармен жердің астынан түсірілген бейнетаспалар, олардың өмірбаяндары және т.б.

Бұл оқиғада мені бірнеше деректер таң қалдырады. Ең алдымен чилийліктердің бұл төтенше жағдайға соншалықты дайын болғандықтары. Үкімен тарапынан шапшаң және үйлесімді әрекет жасалды. Бірнеше құтқару жоспарлары жетілдірілді. Емдәмшілер шахтерлар үшін арнайы азықтар дайындаса, дәрігерлер олардың халдерін бақылап отырды. Сонымен қатар шахтерларға бейнетаспа берілді, ол арқылы жердің астынан түсірілген бейнелер лезде әлемдік хитке айналып отырды. Туысқандары мұңды, бірақ жинақы көрінді. Шахтерлар жүйелі түрде тамақтанды. Қарапайым чилийлік жұмысшылар үшін қуанып та қалдық.

Бұл таңдаңдырады да. Арамыздағы адамдардың көбі, әсіресе осындай Чили тәрізді дамушы елдерде, оқығаның ең басында ең жаманды күткені сөзсіз. Әдеттегідей үкімет дайын болмауы керек, төтенше жағдайлар бойынша министр орнында емес, шахта иесі адамдардың қарғысынан аулақ болу үшін ел ауып кетуі керек. Мысалы, егер Қазақстанда осы тәріздес трагедия орын алса, сіздер не күтер едіңіздер?

Дегенмен де оқиға тура дәлдікпен керісінше дамып жатты. Чилийлік шенеуніктердің босаңсыған түрлері, мұңсыз езулері, ортақ қайғымен біріккен чилийлік ұлтты салмақты қарсы алулары таңырқатады.

Бұл оқиға әлемнің назарын өзіне аудартты, өйткені ол керемет, Золушка жайлы оқиғаның жаңа нұсқасына айналды. Мұндағы Золушка - көмілген шахтерлар, күйме - құтқарушы капсула, ал перизат рөлінде - чилийлік үкімет. Біз хэппи эндті жақсы көреміз емес пе.

Оқиға да таңқаларлықтай аяқталды, әлем де жақсырақ бола түскен сияқты көрінеді. Бірақ құтқарушылар соңғы шахтерларды жер қайнауларынан шығарып жатқанда, CNN-нен Чилиді туристік бағыт ретінде жарнамалайтын роликтер көрсетіліп жатты. Менің, яғни маркетолгтың миында лезде қызыл шам жарқ етті.

Жақында Ресейде қызықты вирустық жарнама өтті, Ғаламторда ЖЖҚМИ қызметкерлері жайлы ролик таратылды. Олар тас жолда жұмыс істеу барысында қасқырлардың үйірінен әрең қашып үлгеріп жүрді. Ролик өте шынайы көрінген еді, тек жақында ғана бұл арақты еңгізу (өнімнің басты символы - қасқыр) шарасына арналған вирустық жарнама екендігі анықталды.

Жарнама жақсы және шындыққа ұқсас жасалды. Чилийлік нұсқа да вирустық жарнаманы еске түсіртеді, бірақ әлде басқа қарқында. Бүкіл дүниеде жарнаманы ақысыз көрсету мақсатында жер астына көмілген шахтерлардың таңғажайып аман қалуы? Иә. Мені бәлкім арам ойлы адам дерсіз, бірақ егер де келесі бірнеше айларда Чили туристердің рекордты санын қарсы алса және елде сайлау сәтті өтсе, мен мүлде таңқалмаймын. Шахтерлар жайлы оқиғаның басқа да оқиғалармен бір уақытта "түйісуі", әрине, абсолютты кездейсоқ болады.

Secret Marketer

3 ноября 2010 | Просмотров: 1 495 | Пікірлер | Версия для печати
Материалы по теме:
Әйгілі тақырыптар
  • ЕЭК және Сербия еркін сауда туралы келісімді бекітуді талқылады
  • Елбасы: Қазақстандықтар америкалықтардай биржамен жұмыс істеуді үйренуі керек
  • 2018 жылы өндірілетін уран көлемі белгілі болды
  • Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда айналымы 28%-ға артты
  • Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті
  • Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті
  • Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен келді